Одақ туралы

«Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ – 17 жыл бойы гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін болдырмау және түбірімен жоюға бағытталған іс-шараларды дамытуға, қоғамда зорлық-зомбылықсыз қатынастар құндылықтарына негізделген мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үкіметтік емес ұйым. Одақ Қазақстанның 11 аймағынан 16 ұйымды біріктіреді
Дағдарыс орталықтары одағының 17 жылдық қызметі барысында 200-ден астам жоба жүзеге асырылды.
Одақтың негізгі стратегиялық міндеттері ең алдымен өмірлік қиын жағдайға тап болған, балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, отбасылық құндылықтар мен жауапты ата-ана болу құндылықтарының маңыздылығын қоғамдық санада арттыру, балаларды қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан қорғау болып табылады.
Нөмірі 150 «Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефон желісі» бағдарламасы «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ жұмысының бір бағыты болып табылады, ол балалардан хабарламалар қабылдау және балалар мен жастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру арқылы отбасылық қолайсыздықтың алдын алу жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Одақ қызметіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, сондай-ақ халықаралық және республикалық қорлар, БАҚ және ҮЕҰ ынтымақтастық негізінде қолдау көрсетеді

«Дағдарыс орталықтары одағының» міндеттері

1. Зорлық-зомбылықтың алдын алу
· Халықпен, мемлекеттік құрылымдармен ағарту және ақпараттық жұмыс жүргізу арқылы зорлық-зомбылық мәселелері бойынша қоғамдық сананы өзгерту;
· Қорғау механизмін құру үшін заң шығарушы билікпен өзара әрекеттесу;
· Зорлық-зомбылық мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
· Зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбы бойынша кітапт, әдістемелік құралдар мен буклеттерді шығару;
· Ақпараттық науқандарды ұйымдастыру және өткізу, БАҚ-пен өзара ынтымақтастық орнату.

2. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау тетігін мынадай жолдармен әзірлеу:
· ҚР Парламентінде заңнамалық актілерді қолдау;
· Әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтау бойынша мониторинг жүргізу;
· Мемлекеттік құрылымдармен, құқық қорғау органдарымен, ҮЕҰ және БАҚ-пен әріптестік қарым-қатынас орнату.

3. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету
ҚР ДО желісін дамыту арқылы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге білікті көмек көрсету.
· Одақ мүшелерінің бірлескен қызметін үйлестіру;
· Бірыңғай ақпараттық кеңістік құру және ҚР дағдарыс орталықтарының қызметкерлерін оқыту;
· Отбасының және балалардың әлеуметтік мәселелерін шешудің заманауи әлеуметтік-құқықтық технологияларын, әдістері мен нысандарын әзірлеу және енгізу;
· Билік органдарында Одақ мүшелерінің мүдделерін білдіру;
· Консалтингтік қызмет көрсету.

«Дағдарыс орталықтары одағының» мақсаттары:
  1. Гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері мен оның барлық түрлері туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру;
  2. Зорлық-зомбылықтың алдын алудың, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен әйелдерді қорғап, оларға көмектесудің, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен зардап шеккен балалардың жағдайын жақсарту мәселелерін шешу бойынша бағдарламалық-нысаналы тәсілдердің тиімді жүйесін қалыптастыру;
  3. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрлеріне ұшыраған әйелдер мен балаларды қолдау бойынша ДОО-ның қызмет көрсету жүйесін дамыту.
ҚОҢЫРАУ ШАЛУДЫ ҰМЫТПА, егер сен өзіңді қиын жағдайда сезінсең:

  • дәрменсіз, үмітсіз, амалсыздық жағдайында;
  • өмір сүрумен сурмеу арасындагы қақтығысты сезынсен;
  • ересектер немесе құрдастар тарапынан (психологиялық, физикалық және жыныстық) қатыгездікпен кездескен жагдайда;
  • жауапсыз махаббатпен сәтсіздіктер;
  • -ертеңгі күнге сенімділіктің жоғалуы.

1.Ақтөбе қ. Әйелдерді қолдау орталығы ҚБ «Үміт» ДО
Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы
2. Алматы қ. «Ер Азамат» ҚБ
Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы
жұмыс 8(727)2721159
ұялы 87017440475
3. Алматы қ. «Тин Чэллиндж Қазақстан» ҚҚҚ «Баспана» бағдарламасы
Рише Тамара Рубеновна
4.Қызылорда қ. «Кіші кәсіпкерлер – әйелдер қауымы» ҚБ жанындағы «Жан» дағдарыс орталығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған күндізгі үй
Сыздықова Салтанат Елеусізқызы
5. Петропавл қ. «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ
Орлова Алина Геннадьевна
жұмыс 8(7152)529886
ұялы 8777 242 29 83
6. Өскемен қ. «Феникс» даму және бейімделу орталығы» ҚБ
Ахметқалиева Назигүл Маташқызы
жұмыс 8(7232)522942
ұялы 8 777 296 12 96
7. Шымкент қ. «Оңтүстік Қазақстан облысы іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҚ
Бекенова Құралай Абуалиқызы
8. Жамбыл облысы, Сарыкемер қ. «Отандастар» ҚБ
Адемэ Ильясова
9. «Отбасын қорғау және қолдау орталығы» ҚБ
Медеуова Айжан Жұмағалиқызы
10. Қостанай
Косюк Нина Борисовна
ұялы 87772788754
11. Көкшетау қ. «Психологиялық мәдениетті дамыту және қолдау» ҚҚ
Терентьева Ирина Михайловна
жұмыс 8(716)225-2472
жұмыс 8(701) 570-3166
12. Ақтау қ. «Мейірім» ҚБ
Муха Александр Викторович
жұмыс 8(7292)545168
ұялы 87014427975
13. Талдықорған қ. «Талдықорған аймақтық әйедерді қолдау орталығы» ҚБ
Нұрмұқанова Жанар Болатқызы
14. Шымкент қ. «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы ҚБ
Әбішева Хадиша Ағзамқызы
15. Алматы қ. «Өмір желісі» ҚБ
Нұрбеков Ернар Ділдабекұлы
16. Шымкент қ. «Ару-Аналар» КБА ҚБ
Ордабаева Бану Сансызбайқызы
жұмыс 87015351736
17. Жезқазған қ. «Томирис» ӘБҚО ҚБ
Предеина Валентина Николаевна
18. Теміртау қ. «Менің үйім» халыққа әлеуметтік көмек көрсету және дамыту орталығы» ҚБ
Жданова Ирина Владимировна

ұялы 87058268569
Біздің серіктестеріміз