Новости и отчеты

ҚР Полиция қызметкерлеріне алғыс білдіру

Короновирус пандемиясының таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында карантинді енгізу кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайының ушығуы байқалды. 2020 жылдың наурызынан мамырына дейінгі карантин уақытында № 150 балалар мен жастарға арналған сенім телефонына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 1194 қоңырау түскен болатын. Қоңырау шалғандардың барлығы жедел байланыс орнатып, уақытылы тиімді көмек ала алды. Осындай нәтиже Одақ мамандары мен полиция департаменті өкілдерінің бірлескен жұмысының жемісі. Осыған байланысты Дарғдарыс Орталықтарының Одағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін ашуға белсенді араласқандары үшін, олардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысы үшін келесі полиция қызметкерлеріне алғыс білдіреді:

▪️ Алматы полиция департаменті ІІО ЖПҚБ бөлімінің ұйымдастыру бойынша аға инспекторы, аға аға лейтенант Сабралиева Гульбану Куатовнаға;
▪️ Медеу ауданының ПБ ЖПҚБ ӘЗҚБ инспекторы, полиция лейтенанты Кожанова Айгерим Серикбаевнаға;
▪️ Алматы облысы полиция департаменті ІІО ЖПҚБ бөлімінің ұйымдастыру бойынша аға инспекторы, полици майоры Манбетбаева Алтынай Рахимбергеновнаға;
▪️ Талғар ауданы, Алматы облысының ПБ ЖПҚБ ӘЗҚБ аға инспекторы, полиция майоры Тасыбаева Ханым Мехаметовнаға;
▪️ Қарасай ауданы, Алматы облысының ПБ ЖПҚБ ӘЗҚБ аға инспекторы, полиция майоры Есенбаева Эльмира Умирзаковнаға;
▪️ Іле ауданы, Алматы облысының ПБ ЖПҚБ ӘЗҚБ аға инспекторы, полиция майоры Талижанова Динара Ишмухаметовнаға;
▪️ Нұр-сұлтан полиция департаменті ІІО ЖПҚБ бөлімінің ұйымдастыру бойынша аға инспекторы, полиция майоры Манбетбаева Алтынай Рахимбергеновнаға.

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌍Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz