Новости казакша

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету» жобасы

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету» жобасы

Қазақстандағы «Дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар бірлестігі Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен 1 ақпан мен 31 шілде аралығында жалғасатын жобаны жүзеге асыруды бастады. Жобаның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және құқықтарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сараптама жүргізу.
Міндеттері:
1) Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бойынша қамтамасыз ету және құқықты қолдану тәжірибесі, отбасылық- тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке байланысты заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған республикалық ақпараттық кампанияны әзірлеп, өткізу. Халық арасында тұрмыстық зорлық- зомбылықтан қорғану тетіктері, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғауға бағытталған қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3) №150 БмЖҰСТЖ арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың потенциалды құрбандары, зорлық-зомбылықтың құрбандарына телефонмен кеңес беру.


150

8 708 106 08 10

Telefon150.kz

kzsoyuz@gmail.com