⠀
● «САРАПШЫ». Ол өзін барлық сала бойынша бас сарапшы деп санайды, өзіне қатысты сынды көтере алмайды және басқалардың пікірін қабылдамайды. Әрқашан әңгімені және жағдайды бақылауда ұстайды. Агрессордың бұл түрі жаңа идеяларды талқыламайды, өз идеяларын басқаларға таңып қойғысы келеді. Бұл агрессордың агрессиясы аз типіне жатады, өйткені бұл түрі серіктесінің өзі туралы не ойлайтындығын бақылауда ұстайды.
⠀
● «НАМЫСҚА ТИІП ҚОРЛАУШЫ». Осы типтегі ер адам серіктес әйелге дауысын көтерместен, әңгімені агрессиялық түрде жүргізу тактикасын қолданады. Ол өзінің бірге тұратын адамын жанға бататын физикалық зиян келтірмей, психологиялық тұрғыдан зардапқа әкеп соқтырады. Бұл агрессордың аса көп күтеймеген түрлі, өйткені мұндай кісі бірге тұратын адамы ол туралы не ойлайтындығына мән беререді.
⠀
● «ПРАПОРЩИК». Адамның бұл түрі өзінің серігіне өте сыни көзқараспен қарайды. Ол барлығына қатысты сын айтады: киімі, бейнесі, достары, оның жеке және кәсіби ісіне араласады, поштаға келген хабарламаларын оқиды, телефонын тексеріп, әңгімесін тыңдайды. Бұлар үнемі қызғануға бейім келеді. Ер адаммен мұндай қарым-қатынас зорлық-зомбылыққа ұласуы мүмкін.
● «РЭМБО». Батылдық туралы тікелей түсініктері бар агрессивті тип иесі. Әйелдерге қатысты қамқорлық, құрмет сезімі мүлдем жоқ. Балалық шақта психологиялық жағынан зардап шеккен, сондықтан ең жақсы қорғаныс тәсілі дене күшін қолдану деп санайды.
⠀
● «ТЕРРОРИСТ». Ер адамдардың бұл түрі талапшылдықтың жоғары дәрежесімен және әйелге бақылау жасаумен сипатталады. Агрессордың осы түрі қоқан-лоққы көрсету, гипертрофиялық ишара және белгілі бір іс-әрекеттер арқылы серіктес әйелін қорқынышта ұстап, зардап келтіруі және өлтіруі мүмкін екендігін айтып қорқытып отырады. Еркек-агрессорлардың басқа түрлеріне қарағанда, «террорист» садизм элементтеріне толы келеді. Әйелдерге агрессордың осындай түрімен қарым-қатынасты тоқтату өте қиын .
● «АШКӨЗ АГРЕССОР». Өз мақсаттарына жету үшін барлық деңгейлердегі тәсілдер (мінез-құлықтық, психоэнергетикалық, рухани) арқылы басқа адамдарға шабуыл жасайтын ер адамның түрі. Оның мақсаты, әдетте, өмірдің материалдық жақтарымен байланысты және ол мақсатқа жету үшін барлығына дайын, соның ішінде басқа адамды кемсітуге де жол береді.⠀
● «ДӘЛЕЛІ ЖОҚ АГРЕССОР». Нақты пайдакүнемдік мақсаты жоқ, елеулі пайда таппай және тіпті өзіне зиян келтіре отырып, басқа адамдарға шабуыл жасайтын ерлердің түрі. Көбіне бұзақылық жасайтын жасөспірімдер, рок-топтардың жанкүйерлері, сәтсіз матчтардан кейін қанды төбелестер ұйымдастыратын футбол командаларының жанкүйерлері өздерін жиі осылай ұстайды. Жалпы өмірде көбінесе «прапорщик», «намысқа тиіп қорлаушы», «террорист», «қозғалмайтын агрессор» сияқты агрессорлардың түрлері жиі кездеседі.
Дереккөз: «Агрессорлармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік құрал», НҰР-СҰЛТАН қ., 2019 ж.
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz