Методическая база (старое)
Советы психолога

Студенттер мен білім алушы жастарға арналған карантин кезіндегі кеңестер

Қазіргі таңда орын алған жағдайда қиындық туғызатын не нәрсе?

Осы жағдайдың үйреншікті өмір ырғағына (шаруалар реті, күн тәртібі, т.б.) және әдеттегі ақпарат ағымына айтарлықтай әсер ететіндігі.

Бұл жағдайлар адамды шатастырып, алаңдаушылық сезімін тудыруы мүмкін.

Осының бәрін жеңудің ең тиімді әдісі - қазір қиын, қол жетімсіз немесе алдын-ала болжауға болмайтын нәрсеге емес, керісінше не істеуге болатынына көңіл аудару.

Бүгінгі күндегідей ерекше жағдайда жасауға болатын нәрселер (үй, мектеп) қажет емес («бізді не күтіп тұрғаны белгісіз, бәрі өзгеруі мүмкін»), біртүрлі («жаңалықты қадағалау әдебиетті оқудан гөрі маңызды»), мүмкін емес («мұндай шиеленісте мен ойымды шоғырландыра алмаймын») болып көрінуі мүмкін. Жаңалықтардан хабардар болу маңызды («жаңартып отыру») және уайымды басуға көмектесетіндей болып көрінуі мүмкін.
Алайда, шын мәнінде, ақпарат ағыны шиеленісті арттырады, ал әдеттегі істерге көңіл бөлу – оны азайтып, сіздің істеріңіздің кейінге қалып, үйіліп қалуына жол бермейді.

Сол себепті келесі ұсыныстарды қолданған жөн:

▪️ БАҚ хабарламаларын үнемі қадағалауды доғару: коронавирусқа бөлінетін уақытты шектеп (күннің белгілі уақыттарында 10-30 минут), басқа мәселелер мен шаруаларға көңіл бөлу.

▪️ Мазасыз ойларыңызды олардың пайдалылығы мен өнімділігіне байланысты бағалаңыз; не нәрсеге уақыт пен күшіңізді босқа жұмсап, не нәрсені тиімді орындай алатыныңызды айқындаңыз. Сіз қадағалай алатын және солай істеуге тиісті өзге нәрселеріңіз бар, мысалы гигиена санатынан және өмір салтынан кейбір әрекеттер (қол жуу, тамақтану, жаттығу, қоғамдық орындарға баруды азайту, сабақ тапсырмаларын орындау).

▪️ Болуы мүмкін жағымсыз сценарилерді анықтау мен қатты алаңдаушылық уақыт пен күштің босқа жұмсалуына және стресс деңгейінің жоғарылауына алып келуі мүмкін.
Дегенмен, алаңдаушылық пен қобалжу сезімдері қайта оралып келе берсе, есіңізге «бұл қалыпты жағдай» екенін, бірақ олармен «терең байланыспау» керектігін түсіріп тұрыңыз. Одан да, күнделікті ағымдағы өзге маңызды шаруаларға көңіл аударуға тырысыңыз.
(Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің материалдарынан алынған)


☎ 150
📱 8 708 106 08 10
🌐 Telefon150.kz
📧 kzsoyuz@gmail.com
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #бізбіргеміз #telefon150kz #қолдау #поддержка #психолог