Новости казакша (старое)

Заң бойынша: тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының шаралары

⚖️⚖️⚖️ Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының шаралары ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңының үшінші бөлімінде белгіленген. Онда келесі ақпаратар берілген:

17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:
1) профилактикалық әңгімелесу;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу;
3) қорғау нұсқамасы;
4) әкімшілік ұстау;
5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
7) әкімшілік жаза қолдану;
8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;
10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.

4. Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Дереккөз: adilet.zan.kz

☎️ 150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #заңбойынша #позакону