💭💭💭 Бұл өмірде әркімнің өз жолы және өз тарихы бар, ол өзгелердікіне ұқсамайды. Алайда, көпшілік өздерін басқаларымен салыстырып, қоғамға сай болу үшін оларды мазалайтын мәселелерді жасыруға тырысады. 150 сенім телефонына осындай жағдайға тап болған жасөспірім қыздан қоңырау түсті.
⠀
Бізге қоңырау шалмас бұрын ол ұзақ уақыт ойланды. Себебі оның жанұясы зорлық-зомбылық салдарынан құрдастарының жанұясына мүлде ұқсамайтын. Олардың үйінде орын алған жағдай туралы сөз қозғауға тыйым салынған болатын. Анасы да, өзі де бұл туралы ешкімге тіс жармаған, тіпті жақын туыстары мен достарына да айтпайтын. Үйінде үшеуі – әкесі, анасы және қызы тұратын және жанұясындағы сұмдықты тек олар ғана білетін.
⠀
150-ге қоңырау шалып, қыз «әкемнің анамды ұруы қалыпты жағдай ма?» және «өзім үшін қорқуым керек пе?» деген сұрақтарға берілді. Сенім желісінің маманы мұндай жағдайда қорқудың қалыпты екенін, бірақ әкесінің анасын ұрып-соғуы және бұл мәселенің ешқандай жолмен шешілмеуі дұрыс емес екенін түсіндірді. Психолог қоңырау шалушыға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баяндап, агрессордың кім екенін түсіндірді, қорқынышпен жұмыс істеу техникасы бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ, 150 телефонының маманы қызға анасымен сөйлесіп, тиісті ұйымдардан көмек сұрауға кеңес айтып, дағдарыс орталығының байланыс нөмірлерін берді. Қыз дағадарыс орталығынан көмек ала алатындарынан бейхабар болатын, бұны естігеніне өте қуанышты болып, оның бойында бақытты өмірге деген үміт жанды...
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #soyuz_kz
#cенімтелефоны #телефондоверия #хикая #история #Байсакова