⠀
Ата-аналар балаларының мінез-құлқында мына нәрселерге назар аударуы керек:
⠀
🔸Бала өзінің сөздерін, әрекеттерін, эмоцияларын, жалпы мінез-құлқын басқара алмайды. Сирек жағдайларда ол өзін-өзі басқаруға тырысуы мүмкін, бірақ бұл қолынан келмейді;
🔸 Бала құрдастарымен және ересектермен жиі ұрсысып қалады. Олармен әдейі дауласып, қарым-қатынасын шиленістіре түседі;
🔸 Ойыншықтарын сындырады, басқалар жасаған нәрселерді қиратады;
🔸 Басқалардың заттарын бүлдіргенді ұнатады және одан ләззат алады;
🔸 Өтініштерге, талаптарға құлақ аспайды және белгіленген ережелерді бұзады;
🔸Жағымсыз реакцияны тудыру үшін әдейі «жаман» іс-әрекеттерге барады;
🔸 Өкпесі мен реңжіткен адамды есінде сақтайды және әрдайым кек алғысы келеді;
🔸 Өз қателіктерін мойындай алмайды, үнемі өзін ақтап алуға немесе өзгені кінәлауға тырысады.
⠀
Кішкентай кезінде, әсіресе, мектеп жасындағы балаларға тіл алмау тән. Егер бұл үшін елеулі себеп бар болса (әділетсіз жаза, реніш), онда баланың ашуы мен агрессиясы қалыпты жағдай.
⠀
Егер ата-ана балаларында жоғарыда көрсетліген бірнеше белгінің жиі қайталанатынын (алты айға дейін) байқаса ғана қандай да бір шараларды пайдалану қажет.
Дереккөз: findmykids.org
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #советыпсихолога #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны