Помоги себе казакша (старое)

Ата-ананы біз таңдамаймыз

Қайырлы таң достар! Бүгін сіздерге 150 сенім телефонына хабарласқан бір қыздың оқиғасын баяндамақшымыз. Шамамен он екі жастағы қыз бала оның мәселесі жөнінде ешкімге хабарламауымызды өтінген. Оның айтуынша, ата‐анасы ара‐тұра ішіп, мас күйінде дау шығарып, кейде тіпті төбелесіп те кетеді екен. Әлбетте осындай күндерде қыз қараусыз қалатын. Жасөспірім қыз не істерін және кімге хабарласарын білмей бізге қоңырау, арнайы мамандар онымен кеңес жүргізіп, оның мәселесін талқылады.

Қыз тұтқанын ар жағындағы маманға өзінің тұрмыстық дау‐дамайлардан қатты шаршағанын, өзін ешкімге қажетсіз және әлсіз сезінетінін, кейде қорқатынын айтып берді. Бірақ, қалай да өзінің ата‐анасын қатты жақсы көретінін де жеткізген. Сенім телефонының маманы «ата‐ананы біз таңдамайтынымызды» айтып, оның кез келген уақытта 150-ге қоңырау шалып көмек сұрай алатындығын түсіндірді. Сондай-ақ оған қорқыныш пен қамығуды басатын арнайы техникалар таныстырылды.

Кейде ата-аналардың балаларының өміріне қаншалықты әсер ете алатындықтарын түсінбейтіндері ішті күйдіреді. Отбасы – әр адам түп тамырын алатын мекен. Бала отбасында сүйіспеншілікті, сенімділікті, қамқорлықты, қолдауды және қорғанышты сезінуі керек. Өкінішке орай, осы хикаяның кейіпкері болып табылатын қыз осының бәрін сезіне алмай жүр...

Егер сіздер де осыған ұқсас жағдайға тап болсаңыздар, бізге сенім артып, хабарласыңыздар ⬇️⬇️⬇️

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz
#cенімтелефоны #телефондоверия #хикая #история #qolday
50 қоңырауларының хикаялары