Методическая база (старое)

Школьный буллинг

Мектептегі буллинг – көптеген балалар мен ата‐аналардың бүгінгі таңдағы бас ауруы. Ол кәмелет жасқа толмағандарда суидцидтік мінез‐құлқтың қалыптасуына себеп болатын факторлардың бірі. Балалар мен жастарға арналған 150 Ұлттық сенім телефонына осы сынды мәселелерге байланысты қоңыраулар жиі түседі. Мектепте балалар сыныптастары мен мұғалімдері тарапынан эмоционалды қысымға түседі. Мәселе сыртқы тарап – қорлаушыдан шығуы немесе зардап шегушінің өзінен де туындауы мүмкін.


Осы сынды жағдай 3 ай бұрын болған. Мектеп директоры қоңырау шалып, оқушылардың бірінде өзіне қол жұмсау әрекеті болғанын хабарлады. Оның ата‐анасы шақыртылып, олармен әңгіме барысында баланың тұйық және қоршаған ортасымен байланысқа түсіпейтіні айтылды. Ал, баламен тілдескеннен кейін оның шығармашлық тұлға екені, сурет салып, ән айтқанды ұнататыны анықталды. Алайда, үй ішіндегілер қарсы болып, балаға өз қабілетін шыңдауға кедергі келтірген болып шықты. Орын алған жағдай баланың өз‐өзіне деген сенімсіздігін тудырды. Соның әсерінен оның сыныптастарымен қарым‐қатынасы бұзылып, сыныптастары оған деген дұшрандық көзқараста болған. Психологтар баламен әңгіме жүргізіп, эмоционалды қолдау көрсетті. Психолог маман онлайн‐техникаларды өткізіп, баланың мәселеге көзқарасы өзгерді. Баланың ресурстық жағдайы қалпына келіп, өмір сүруге деген құштарлығы пайда болды.


P.S. Балаларыңызға қамқор болыңыз, оларға 150 сенім телефоны жайында айтып беріңіз. Әлденені жақындарына айтуға қысылса, бізге хабарлассын. 150‐ге қоңырау шалу - тәулік бойы, тегін және анонимді.
Школьный буллинг – проблема многих детей и родителей в нынешнее время. Он является одной из причин возникновения суицидального поведения несовершеннолетних. На Национальный телефон доверия для детей и молодёжи 150 поступают очень большое количество звонков по данной теме. Дети подвергаются эмоциональной травле со стороны одноклассников и преподавателей. Проблема может быть, как в самой жертве, так и в насильнике, в человеке со стороны.
Один из таких случаев был месяца 3 назад. Позвонила директор школы и сообщила, что у одного из учеников была попытка суицида. Вызвали родителей, где после беседы выяснилось, что ребенок стал замкнутым, не контактным. А после разговора с ребёнком, стало ясно, что он творческая личность, любит рисовать и петь. Но дома не давали и не поощряли проявлять свои способности. Это все привело к заниженной самооценке. Отношения с одноклассниками не складывались, и они стали относиться враждебно по отношению к нему. Психологи устроили беседу с ребёнком и оказали эмоциональную поддержку. Была проведена онлайн-техника и взгляд на проблему поменялся. У ребёнка нормализовалось ресурсное состояние и появилось желание жить.
P.S. Берегите своих детей, расскажите о телефоне доверия 150. Если они стесняются рассказать что-либо близким, пусть расскажут нам. Звонок на 150 – круглосуточно, бесплатно и анонимно!