Помоги себе казакша

Балалардағы агрессияның себебі

Балалардағы агрессияның себебі: 
•Эмоционалды шұңқыр
Егер ата-ана мен бала арасында жағымды эмоционалды байланыс орнатылмаса немесе жоғалса, егер ата-ана өз араларындағы мәселелерді үлкен даумен діне өте эмоционалды шешсе, тіпті болған жағдайда баланы кінәлайтын болса – бұл балалардың мінез-құлқындағы агрессияның пайда болуына және шоғырлануына әкелуі мүмкін.

Бұл жағдайда агрессияға алып келетін екі сценарий туындауы мүмкін:
1. Еліктеу. Агрессия мінез-құлықтың қолайлы нұсқасы және мәселені шешудің тиімді тәсілі ретінде қабылданады.
2. Сенімді байланыстың жоғалуы (орнатылмауы). Егер ата-ана мен бала арасындаңы байланысы жоғалса немесе ол әуел бастан орнатылмаған болса, баланың мінез-құлқындағы агрессия жақын арада өзін көрсететіні анық.

• Баланың жеке басын құрметтемеу
Егер ересектердің (әсіресе ата-анасының) өздеріне кішкентай адамға ауыр сөздер айтып, қорлауға рұқсат етуі баладағы комплекстердің дамуына алып келеді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесі тек агрессия ғана емес, сонымен бірге қатты ашуға алып келуі мүмкін.

• Өзін-өзі төмен бағалауы
Егер бала өзіне сенімді болмаса, ол айналасындағыларға сенімді болмайды. Өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі құрдастардан, ата-аналардан және мұғалімдерден төнетін қауіптің «елестеуіне» себеп болады. Мұндай жағдайда бала біреудің оны реңжіткенін күтпей, ойдан шығарылған қауіпке төтеп беруге тырысып, агрессиямен қорғана бастайды.
Өзін-өзі бағалауы төменгі деңгейдегі балалардың ата-анасынан эмоционалды қолдау алуға мүмкіндігі болмаса, олардың агрессивті мінез-құлық түрін таңдау ықтималдығы жоғары.

•Гипер және гипопека
Бақылаудың толық болмауы, сондай-ақ оның шамадан тыс көрінісі баланың мінез-құлқына, әсіресе агрессивті мінез-құлықтың көріну деңгейіне әсер етудің үлкен қаупін тудырады. Ата-аналардың шамадан тыс бақылауы балада қойылған талаптарға қарсы наразылыққа алып келетін, қорқыныш пен алаңдаушылықты тудыруы мүмкін. Бұл әдетте агрессия түрінде көрініс табады.

• Үздік болуға талпыныс
Құрдастар арасында үздік болуға ұмтылу көбінесе балаларды агрессивті мінез-құлық танытуға итермелейді.
Мультфильмдердің, көркем және деректі фильмдердің, компьютерлік ойындардың қазіргі кейіпкерлері оң немесе теріс болуына қарамастан агрессияның анық мысалы болып табылады. Экрандарда «жақсы оймен» күштің қолданылуын жиі көре аламыз. Ересектер бұл жағдайдан шығудың төтенше жолы екенін түсінеді, ал бала бұл хабарды кез-келген жағдайда осылай әрекет ету керек деп қабылдайды. Балалар бұны құрдастар арасында белгілі бір мәртебеге қол жеткізудің ең қолайлы жолы деп ойлайды.
Мұндай жағдайларда балаға көшбасшылық мәртебеге жетудің әртүрлі жолдары бар екенін түсіндіру керек: мысалы, қабілеттер мен әуестіктер арқылы.

• «Басқалар сияқты»
Қазіргі уақытта бала белгілі бір қоғамға, балалар тобына  ене отырып, әр түрлі мінез-құлықтарды көреді. Егер сыныпта агрессивті мінез-құлыққа «қолдау көрсетілсе», онда балаға мұндай «нормаларға» қарсы тұрудан гөрі, ерекшеленіп, аутсайдер атанбас үшін «агрессия маскасын» кию қолайлырақ. Сыныптың балаға көрсететін қысымын «көппен көрген ұлы тоймен» салыстыруға болады – балалар тұрмақ, ересектерге де мұндай қысымға төтеп беру қиын. Шаршау, физикалық белсенділікке тыйым салу, белгілі бір тағамдарды шамадан тыс тұтыну (шоколад, кофеин және т.б.), ауа температурасы, шу, т.б. сынды агрессия тудыруы мүмкін себептерді ұмытпаған жөн.
Дереккөз: findmykids.org

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz
Психологтың кеңестері