⠀
Бүгін келесі хикаяны баяндаймыз:
⠀
Виктория (аты өзгертілген, әрі қарай В) кәмілетке толмаған екі баланың анасы, өзінің пәтері, көлігі және ақылы жұмысы бар. Шамамен бір жіл бұрын бір ер азаматпен танысып, В-ның пәтерінде бірге тұра бастаған. Ол заңгер, адвокатурада жұмыс істеп, жақсы табыс табады, қымбат сыйлықтар жасайды - айфон, іш киім, зергерлік бұйымдар. Біраз уақыттан кейін ер азамат телефонын, сөмкесін тексеріп, оны басына бастады. В құрбыларымен жүретін жерлерде ойда жоқтан пайда болатынды шығарды. Үйге күштеп алып кетіп, жанжал шығаратын. Сөйтсе, ер адам В-ның айфонына бақылау бағдарламаларын орнатқан болып шықты. Ол барлық шығындарды, тіпті В өзі тапқан қаражатты да қадағалай бастады. В онымен айырылысуды ұйғарған, бірақ ер адам оның ізіне түсіп жүретін болды. Ол көлік дөңгелектерін тесіп тастады, бірақ, В мұны дәлелдей алмады.Жиі қоңырау шалу, ізіне түсу, қолынан жібермей қою, т.б. Кейінірек, В оның алғашқы құрбаны емес екені анықталды. Дөңгелектер туралы құқық қорғау органдарына шағымдану ешқандай нәтиже берген жоқ. Қазір бұл ер азамат В-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларында оның атынан жиіркенішті, жағымсыз нәрселерді жазып жатыр.
⠀
Әрбір алымсақтық үшін полицияға шағымдану ұсынылады. Сонымен қатар, жәбірлеушіні адвокатураға хабарласып, басшылығына оның мінез-құлқы мен іс-әрекеті туралы баяндағалы жатқанынан хабардар етуге болады. Бәлкім, жұмысынан айырулу қауіпі жәбірлеушіні тоқтатуы мүмкін.
Қоңырау шалудан қорықпаңыз, біздің мамандар әрдайым сізге көмектесуге дайын.
⠀
150 (тәулік бойы, тегін, анонимді) немесе
877081060810 (WhatsApp) (оператордың тарифі бойынша)
Біздің сайт:
www.telefon150.kz
@sfkazakhstan
⠀
#фондsorasказахстан
#бытовоенасилие
#помощьжертвамнасилия #оплататруда #безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz #әйелдерхикаясы #историяженщин