Новости казакша (старое)

Балалардың көзінше ұрсысуға болмайды

Балалардың көзінше ұрсысуға болмайды 



Ата-анасы арасындағы жанжал баланы күйзеліске түсіріп, жағымсыз салдарға себеп болады. Балалар, әсіресе жасөспірімдер мәселелерді агрессивті түрде шешуді үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар жиі ауыра бастайды. Жанжалды отбасылардағы балалардың иммунитеті әдетте басқаларға қарағанда төменірек болады. Мұны стресстің салдарынан пайда болған психосоматикамен түсіндіруге болады. Ата-аналар өз «қақтығыстарымен» әлек болып, балалардың психикалық бұзылыстардан қалай зардап шегетінін байқамайды.


Барлық осы кемшіліктерге қоса, балалардың алдында жанжалдасу олардан манипулятор тұлғаны қалыптастыруы мүмкін. Өйткені, кейбір ата-аналар өз кінәсін өтеу үшін әр жанжалдан кейін бала ұмытып кетсін деп оған ойыншық алып береді. Бірақ бұл балаға теріс әсер етеді. Ол әр жанжалдан кейін өзі қалаған нәрсені сұрай алатындығын аңғарады. Сіз балаға қанша түсіндірсеңіз де, ол мектептегі мәселелерді бейбіт жолмен шешпейтін болады, себебі өз әрекеттеріңізбен сіз оған тікелей үлгі боласыз.
Баланың күйзеліске ұшырамауын, әсіресе оның себебі сіз болмауын мұқият қадағалау маңызды.


150

8 708 106 08 10

Telefon150.kz

kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan