разное

Махаббат хикаясы

150 Сенім телефонына кезекті қоңырау шалынды. Тұтқанын арғы жағында 20 жасар қамыққан арудың: «Балалар мен жастарға арналған сенім телефоны ма?», - деп сұраған дауысы естілді де, өксікпен жалғасып кетті. Арудың жылағаны соншалық, Сенім телефонының маманы «Не болды, мен қалай көмектесе аламын?» деп сұрау үшін өзіне қыздың назарын  әрең аударды.

 Бойжеткен сәл тынышталған кезде, әңгімесін бастап, оған көмектесуді өтінді. Ол ішкі сырын ақтарғысы келіп, қолдау іздеген екен. Ару қыз маманға жігітпен қарым-қатынасы туралы өмірлік хикаясын айтып берді. Оның айтуынша, жігіті қызды мүлдем сүймейді және бағаламайды, онымен қарым-қатынасы тек көз жасына толы болатын. Бірақ, соған қарамастан, бойжеткен жігітісіз өмір сүре алмайды екен, тіптен әңгіме барысында «онсыз өлуім де мүмкін» деген болатын.

Сенім телефонының маманы қоңырау шалған қызға өз сезімі мен эмоциясын айтып жеткізуге, ашып көрсетуге мұрша берді. Абонент сырын ақтарып таусқан соң, кішігірім кідіріс орын алды. Психолог қызға өз-өзіне келуге көмектесетін бағыттаушы сұрақтарды қоя бастады. Қоңырау шалуышының ойы айқындалып, оған не болып жатқанын түсінді. Оның тарапынан жалғыз қалудың қорқынышы сезілген болатын.

Психологтың пайымдауынша, ол 4 жылдық жақын қарым-қатынастан кейінгі дағдарысты бастан кешіріп жатқан болатын. Оның ішкі бөлігі өзіне, мүмкін жігітіне де қарсы тұрып, «Мен ендігі әрі былай өмір сүргім келмейді» дегенді дәлелдеуге тырысты. Психолог бойжеткенге бұрынғы түсініктері мен сенімдерінің енді жұмыс істемейтіндігін түсіндіріп, бағыттаушы сұрақтарын қоюды жалғастырды. Осы сұрақтар арқылы бойжеткен өзі жауапкершіліктен қашып, оны жігітіне жүктеп қойғанын, осы әлемнен және жігіттен дайын рецепт күткенін түсінді.

 20-30 минуттық әңгімеден кейін қоңырау шалушының дауысында ырғақтылық пайда болды. Бұл қыздың ойы жинақталып, бұлынғыр санасының реттелуін және оның қызға жақсы әсер еткенін көрсетеді. Оның дауысында сабырлық пен саналық сезіле бастады. Психолог маманы әрі қарай қолдау көрсетіп, келесі ойды жеткізді: «Дағдарыс – бұл әрдайым биіктеудің белгісі, бұл тоқтап, мен нені дұрыс істеген жоқпын деп ойлануға берілетін мүмкіндік. Таңдау әрқашан адамның өзіне байланысты. Не отырыңыз да жылаңыз, не дәл қазір өміріңіз үшін жауапкершілікті өз мойыныңызға алып, іс-әрекетке кірісіңіз!».

Құрметті оқырмандар, егер сіздер де осындай жағдайға тап болсаңыз, біз әрқашан тыңдап, қолдауға және қол ұшын созуға дайынбыз!  150-ге хабарласыңыздар! Тәулік бойы, тегін, анонимді!

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz
#cенімтелефоны #телефондоверия
Истории звонков 150