Новости казакша (старое)

Агрессор-күйеу. Қалай тани аламыз?

- Агрессор ер адам әйелді тәуелді жағдайға қоюға тырысады. Мысалы, қаржылық тұрғыдан. Агрессордың ойынша, әйел ақшаны жеке өзі немесе күйеуі тапқанына қарамастан, жұмсалған әрбір тиыны үшін есеп беруге міндетті.
- Психологиялық агрессор әйелінен оған толыққанды бағынуын талап етеді. Ол жанындағы жұбының жақын достарымен, әріптестерімен, тіпті туыстарымен байланысын толық немесе ішінара бұзуы үшін қолынан келгенін істейді.
- Қатыгез ер адам әйелі жасағанның бәрін құнсыздандыруға тырысады. Ол әйелінің мінез-құлқына, киім стиліне, тіпті шашына күліп, мысқылдай алады. Осындай кездегі өкпесі үшін әйел әзілге жоқтығымен айыпталады.
- Агрессор ер адаммен қарым-қатынаста қорлауды норма деп атауға болады. Ол жұбын туындаған барлық қиындықтарда айыптауға дайын тұрады және бұны ерекше ынтамен істейді. Сондай-ақ, ол бұны шебер жасайтындығы соншалық, әйел адам расымен де барлық қиындықтарда, тіпті агрессордың жеке басының мәселелерінде өзін кінәлі сезіне бастайды.
- Мұндай адамнан уәделердің орындалуын күтпеген жөн. Ол өзінің «жігітше сөзін» қаншалықты оңай берсе, оны соншалықты оңай қайтып алады.
- Деспот ер адам өз жұбының өзін-өзі бағалау деңгейін төмендету үшін бәрін жасауға дайын. Мұндай серіктес әйелінің тек оған керектігін, өзгелер оған «пысқырып та» қарамайтындығын алдыға тартып, қысым көрсетеді. Ол әйелінің әдемі емес, ақымақ, толық, еріншек, т.с.с. екенін айтып отырады.
• Агрессор ер адам бар ашуын әйелінен алады. Ол өз жұбын истерикаға дейін жеткізіп, кейін оның өзін ұстау білмейтіндігін бетіне басады.
• Агрессорға әйелді тәуелсіз тұлға ретінде қабылдау қолайсыз.Ол әйеліне ешқандай қолдау көрсетппейді және әйелдің кез келген кішігірім жетістігін көре алмайды. Сол себепті, әйелі күйеуінің мүддесі үшін өмір сүруі керек деп сенеді.
• Агрессор ер адам әйелін барлығынан қызғанады. Бұл үшін оған негіз қажет емес.
• Психологиялық агрессор өз жұбын үнемі моральдық күйзелісте ұстауға тырысады. Бұл ер адам үйде бір ғана бастық бола алатынына және ол өзі екеніне сенімді. Ал әйел адам, оның пікірінше, өзін тыныш ұстап, тіл алғыш болып, тек оның рұқсатынан кейін ғана «дауысын» шығара алады.
• Агрессордың шектен шыққан мінез-құлықтарының бірі – қол жұмсау. Мұндай ер адам үшін әйеліне қарсы күш қолдану норма болып саналады. Ол әйелді итеріп, ұрып, тепкілей алады, бірақ, бұл үшін ешқашан өкінбейді. Сонымен қатар, ол «мені осыған жеткізген, өзің кінәлісін» деп үстінен қосуы мүмкін.
Мұндай қарым-қатынасқа шыдауға болмайды. Жәбірленушіге айналып, ер адамның мұндай қылығына төзуге болмайды.
Егер сіз бұл мәселені өзіңіз шеше алмасаңыз, кәсіби көмекке жүгініңіз. Төменде байланыс арналары көрсетілген
150 (тегін, тәулік бойы, анонимді) немесе +77081060810 (WhatsApp) Біздің сайт: www.telefon150.kz
E-mail:kzsoyuz@gmail.com