Помоги себе казакша (старое)

Балалардың агрессивті мінез-құлқын түзету әдістері

Баланың агрессивті мінез-құлқына тап болған барлық ата-аналарды «Бұндай мінез-құлықты түзетуде қандай жолды таңдаған дұрыс?» деген сауал мазалайды.

Жұмыстың нәтижесі көрінуі үшін түзету эпизодтық емес, тұрақты және кешенді болуы керек.

Агрессивті мінез-құлықты түзетудің ең танымал әдістері арт-терапияның барлық алуан түрлерін қамтиды. Бұл әдістер, әсіресе мектепке дейінгі жаста жиі қолданылады:
▪️ изотерапия (сурет салудың әр түрлі әдістерін қолдануға болады: саусақтармен, алақандармен, аяқтармен сурет салу, кляксотерапия);
▪️ құммен емдеу;
▪️ сазды терапия;
▪️ қуыршақ терапиясы (қуыршақ немесе саусақ театры үшін қуыршақтарды сатып алуға немесе өз қолымен тігуге болады, үстел үсті театрына қағаз фигураларын жасауға болады);
▪️ ертегі терапиясы (балаға арналған және баланың өзі құрастырған ертегілер. Балаларға жағымды кейіпкердің рөлін ұсынған маңызды, мысалы, батырлар мен жауынгерлер);
▪️ би терапиясы, т.б.

Күйзелісті жеңілдетуге және агрессияны бейтараптандыруға көмектесетін, белсенді ойындарға; балалардың коммуникациялық қабілетін арттыруға, мінез-құлықтың жағымды үлгісін, эмпатия мен релаксацияны дамытуға септігін тигізетін ойындарға көңіл бөлген жөн.

Жинақталған агрессияны шығару үшін балаға мыналарды ұсынуға болады:
▪️ қағазды мыжып, жыртуға;
▪️ жастықпен немесе бокс грушасымен төлебесуге;
▪️ «айқайлауға арналған стақан\ сөмкешені» қолдану;
▪️ үрленетін таяқшаны, су тапаншасын, батутты қолдану;
▪️ консервті банканы аяқпен тебу;
▪️ картонға пластилинді жағу.
Дереккөз: findmykids.org

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #советыпсихолога #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны
Психологтың кеңестері