
▪️ «Газовый свет» («Gaslight») (1944)
Джордж Кукордың классикалық триллері – психологиялық қанау туралы алғашқы фильмдердің бірі. Кинокартина танымалдылығы негізінде адамның өз тұлғасының объективтілігіне күмәндануын тудыратын зорлық-зомбылық түрі – «газлайтинг» термині пайда болған. Дәл осы жағдай ұры және айлакер Грегори Энтон басынуға тырысатын опера әншісі Пола Олквисттің басынан өтеді.

▪️ «Бешеный бык» (1980)
Мартин Скорсезенің шедеврі қызу мінез, қызғаныш пен алпауыт күштің иесі боксшы Джейк Ламоттаның отбасы мен мансабын қалай бұзғанын бейнелейді. Өмірбаяндық спорттық драма боксшының рингтегі жекпе-жектерінен гөрі әйелі Викки мен ағасы Джоймен қарым-қатынасы бағытталған. Ламотте әйелін соққыға жығып, інісін әйелімен төсектес деп ойлап, бір реттері оны өлтіріп қоя жаздайды. Фильм соңында кейіпкер түрмеде отырып-шығып, жұрттың мазағына айналады, ал Викки қатыгез спортшымен ажырасуға бел буады.

▪️ «В постели с врагом» (1991)
Кино туындыда зорлық-зомбылық триллерлерінің негізгі элементтері көрсетілген:қашу, жеке тұлғаны ауыстыру және ең соңында кек алу арқылы азат етілу.Өкінішке орай, өмірдегі ауыр қарым-қатынастан шығу әлдеқайда қиын, ал агрессорды өлтіру арқылы бақытты аяқталу өте сирек кездесетін жағдай.

«Долорес Клэйборн» (1995)
Басты рөлдерді Кэти Бейтс пен Дженнифер Джейсон Лэймен ойнайтын Тейлор Хэкфордтың фильмі. Біріншісі өз қожайынын өлтірді деп айыпталған қызметшінің рөлін сомдаса, екіншісі – көп жылдар бұрын анасымен қарым-қатынасын үзген күдіктінің қызын ойнайды. «Долорес Клейборн» көптеген жанрларды біріктіреді: готикалық мелодрама, психологиялық драма, детективтік триллер. Негізгі оқиға өзін және қызын құтқару үшін күйеуін өлтірген табанды әйелдің айналасында өрбиді. Қылмысы үшін әйел қоғамның жағымсыз көзқарасы және өзіндегі травматикалық естеліктерді басқан жалғыз қызмен қарым-қатынасының бұзылуымен жазаланады.

«Сменя хватит» (2002)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының тәжірибесін жеңілдететін, жанрға тиімді және кең аудиторияға ұнамды туындылардың бірі. Фильмде неғұрлым практикалық кеңестерді табуға болады: зорлыққа шыдамау ( басты кейіпкерді сомдайтын Дженнифер Лопес күйеуінің алғашқы соққысынан кейін кетіп қалады), достарының көмегіне жүгіну, балаларды пайдалану арқылы өзін басынуға жол бермеу.

«Карательница» (2018)
Кішкентай ұлының өлімінен кейін, Сэди жұдырық күшімен агрессорларды құрбандарын жайына қалдыруға мәжбүрлеуде өмірінің мәнін тапты. Бұл тізімдегі ең шынайы триллер жастары, әлеуметтік жағдайы мен нәсілдері әртүрлі әйелдердің өмірін баяндайтынымен қызықты.

«Человек-невидимка» (2020)
Сесилия барлық зорлық-зомбылық түрлерін басынан өткереді. Басты кейіпкер соққыға жығылып (физикалық зорлық-зомбылық), есінен адастырылады (психологиялық зорлық-зомбылық), зорланады(Сексуалдық зорлық-зомбылық)және тәуелділікте (экономикалық зорлық-зомбылық) өмір сүреді. Финалда тіпті репродуктивті зорлық-зомбылық орын алғаны белгілі болды: басты кейіпкер жүкті болып қалуы үшін контрацепцияға қарсы дәрілері алмастырыплады. Полиция мен достар қызға сенбейді, көмек күтуге еш жер жоқ. Сол себепті көрінбейтін манипулятордан кек алу үшін Сесилияның Сара Коннорға айналуына тура келеді.
Дереккөз: kinoreporter.ru
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #qolday #soyuz_kz #Байсакова #зорлықзомбылықтуралыфильмдертоптамасы #подборкафильмовобытовомнасилии