Новости казакша (старое)

Агрессия

Агрессия әрқашан білдірілмеген (басылған) жағымсыз сезімдердің үлкен көлемде жинақталуының көрсеткіші болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, күйеуіңіз сізге бірдеңе айта алмайды, бірдеңені мойындай алмайды. Сіз оны қабылдамайсыз, түсінбейсіз және айыптайсыз деп жіне т.б. қорқады. Бұндай адамдар көбінесе бірдеңені іштей де мойындай алмайды. Мысалы, олар жұмыста немесе қарым-қатынаста өз қабілеттерін асыра бағалағандарын. Бірдеңеге немесе біреуге реңжіп, көңілі қалғанын. Едігі әрі сақтауға шамасы келмейтін, бірақ бас тартуға болмайтын уәделер мен келісімдердің барын. Отбасылық өмір және ата-ана болу алғашқыда көрінгендей тартымды болып шықпағанын және т.б.

Жағдайдың жалпы сұлбасын білмей тұрып, себептер туралы айту өте қиын. Агрессия шамадан тыс шаршау мен стресстің жоғарғы деңгейі салдарынан болуы мүмкін, сондай-ақ тұлғалық ерекшеліктер, ағзадағы жасқа байланысты гормоналды өзгерістерге байланысты болуы мүмкін.