Новости казакша (старое)

Дағдарыс орталықтарының одағы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жіберді

Дағдарыс орталықтарының одағы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жіберді. Қоғамдық белсенділер өз үндеуінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңға түзетулер енгізу керектігін, сонымен қатар елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың криминализацияланбауы оның көбеюіне әкелетінін, әсіресе бұның салдары ТЖ кезінде айқын байқалғандығын айтады. Үндеу Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрайымы Зульфия Байсакованың парақшасында жарияланған.

Қоғамдық белсенділер өз хатында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Қазақстанда кең таралғанын және әрбір үшінші отбасында зорлық-зомбылықтың төрт түрінің бірі – физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық зорлық-зомбылықтың жиі көрініс таба бастағандығын, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың барлық түрлері бірақ кездесетін жағдайлар көбейгендігін айтады.

Дағдарыс орталықтарының одағы жұмыс тобының қызметін «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңға өзгерту енгізуге бағыттауын сұрайды. Одақ заңға «агрессор», «сталкинг», «түзету бағдарламасы» сынды ұғымдарды және «баланың мүдделері мен қажеттіліктерін ескермеу» зорлық-зомбылық түрін енгізу қажет деп санайды. Сондай-ақ жаңа заң субъектілері – мәдениет және спорт, ақпараттық және қоғамдық даму, әділет органдарын қосуды жөн көреді.

Дағдарыс орталықтарының одағы құрамына қызметі гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алуға және жоюға бағытталған шараларды дамытуға, қазақстандық қоғамда зорлық-зомбылықсыз қатынастар құндылықтарына негізделген мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар кіреді.

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌍Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan

#фондsorasказахстан #бытовоенасилие #помощьжертвамнасилия #оплататруда #безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz