Помоги себе казакша (старое)

Ересек адамдардағы агрессияның себебі

😤😤😤«Агрессия мен агрессивті мінез-құлықтың психологиялық аспектілері: проблеманың қазіргі жағдайы» мақаласында агрессия келесідей сипатталған: Агрессия (латын тілінен аударғанда «agrеssio» - шабуыл) бұл (жанды және жансыз) нысандарға, адамдарға физикалық (жағымсыз тәжірибелер, шиеленіс жағдайлары, қорқыныш, депрессия және т.б.) зиян келтіруге негізделген, адамдардың қоғамда бірге өмір сүру ережелері мен нормаларына қайшы деструктивті мінез-құлық.

⁉️ Қалай болғанда да агрессия шабуыл құрбандарына зиян келтірумен қатар, агрессордағы қандай да бір ауытқулар, мәселелер жөнінде баяндауы мүмкін. Мәселенің шешімін табу үшін оның пайда болу себебін анықтау қажет. Балалардағы агрессия себептері жайында алдыңғы посттардың бірінде айтылған болатын, бүгін ересек адамдардағы агрессия себептерін анықтамақпыз. Оларға келесілер жатады:

▪️ Шаршау, тиісіті демалыстың болмауы;
▪️ Компьютерлік ойындарға, қатыгез фильмдерге деген шамадан тыс құмарлық;
▪️ Балалық шақта алған психологиялық жарақат;
▪️ Агрессия сезімдерін басқара алмау;
▪️ Есірткіні, алкогольді шамадан тыс пайдалану;
▪️ Қатал тәрбие;
▪️ Жеке басының мәселелері.

Жоғарыда көрсетілген себептерге назар аударып, психологпен бірлесіп жұмыс істеу арқылы агрессорға жағымсыз эмоцияларын зиянсыз жолмен шығаруды үйренуге болады.

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны
Психологтың кеңестері