⠀
Осы сынды оқиғаны басынан өткерген жасөспірім жасындағы бір қыз бар батылдығын жинап, анасынан тығылып 150 Сенім телефонына хабарласты.
⠀
Қыздың айту бойынша, анасы оны кішкентай кезінен әртүрлі үйірмелерге жазып, оның әрдайым үздік болғанын талап етеді. Бірақ, қыз «осылай қарабаласпен жүгіре беруге шаршаған». Анасы оны үнемі алдыңғы партада отыр, алғашқы шумақтарды айт, биде бірінші қатарда тұр, жарыстардан тек жеңіспен қайт деп түртпектейді екен. Қыздың сөзге тартылуы оңай, мінезі ашық, бірақ өзінің айтуынша, өзгелермен тайталасып, бәсекелесуді ұнатпайды. Ол алдыңғы партаға отыру үшін басқалардан бұрын жүгіргенді, билегенде алдында тұрып, өлең айтқанда алғашқы шумақты айту үшін таласқанды жақтырмайды.
⠀
Сенім телефонының маманына қыз мерекелік шаралардың бірінде анасы оны алдында тұрмағандығы үшін ұрысқанын, ол шыдамай жылап жібергенін айтты. Ұстазы келіп, не болғанын сұрағанда, анасы қыздың көйлегін құртып алғанын, «сол үшін ғана жылап жатқанын» алдыға тарқан.
⠀
Анасының тарапынан түсіп жатқан қысым қызы үшін төзімсіз еді. Қыз не істерін білмейді, анасы оған құлақ аспайды. Қыздың сөзінше, ол анасына түсіндіріп үлгермей жатып, анасы оның үздік болу керек екенін айтып кетеді.
⠀
Сенім телефонының маманы қыз мазасызданғанда қолдана алатын әдістерді айтып берді. Сондай-ақ психолог ішкі тыныштықты қалпына келтіруге арналған техникаларды баяндап, анасына өз қалауын қалай жеткізуге болатынын түсіндірді.
⠀
Достар, егер сіздер ұсас жағдайға тап болсаңыздар, кез келген уақытта 150 нөмірі арқылы бізге хабарласа аласыздар! Біз тәулік бойы, тегін және анонимді түрде қызмет етеміз!
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #soyuz_kz
#cенімтелефоны #телефондоверия #хикая #история #Байсакова