Новости казакша (старое)

Күйеуіңнің агрессиясына байланысты дұрыс мінез-құлық үлгісін құруға арналған психологтардың кеңестері

Агрессияға агрессиямен жауап беруге болмайды. Ол айқайлап, барлық кешірілмейтін күнәлар үшін сізді айыптайдыма? Сізді өкпе-наз кернеп, оған ауырырақ бір нәрсені лақтырып жібергіңіз келеді ме? Тереңірек дем алып, жай ғана күлімсіреңіз. Иә, иә, ол ұрсып жатса, сіз сүйкімді әрі жұмсақ болып қала бересіз. Сіздің мұндай реакцияңыз оны есеңгіретіп, ар-ұжданы оған шабуылды жалғастыруға жол бермейді. Оны құшақтап, не болғанын сұрап, сүйіп қойыңыз. Агрессияның бірнеше толқындарында күтілген реакцияны көрмеген соң, күйеуіңіз өзін солайұстауын доғарады.


Артандатпау. Егер сіз нақты қандай әрекеттеріңіздің оның ызалануына себеп болатындығын білсеңіз, онда оларды жасамауға тырысыңыз. Ол құрбыңызбен түні бойы сөйлескеніңізді ұнатпайды ма? Әңгімелесу үшін басқа уақытты таңдаңыз, мүмкін күйеуіңіз сіз оған көңіл бөлмейтіндігіңіз үшін ашуланатын шығар.

Дұрыс ақпарат. Әңгімені жұбайыңыздың сәтсіздіктерін немесе жағымсыз қасиеттерін атап өтпейтіндей етіп жүргізуге тырысыңыз. «Көршінің күйеуі ваннадағы кранды бірден жөндеді, ал біздікі екі аптадан бері ағып жатыр» деген санаттағы сөйлемдерді қолданбаған жөн. Оның дәрменсіздігін меңзеу арқылы сіз керісінше нітижеге қол жеткізесіз, ол сіздің де кемшіліктеріңізді қазбалай бастайды. Осындай жағдайдың сізге ауыр тиетінін көріп, шабуылын күшейте түседі. Бұл өзгелердің жетістіктеріне де байланысты. Мүмкін сіз басқа адамды оның жетістіктері үшін құрметтейтін шығарсыз, бірақ күйеуіңізге бұл туралы білу міндетті емес.Сіз үшін ол әрқашан кіршіксіз болуы керек, ең болмағанда ол сіздің ойыңыз осындай екеніне кәміл сенгені жөн.

Агрессормен қарым-қатынас жасауда сіздің әрекеттеріңіз қандай хабарлама жеткізетіні де маңызды. Күйеуңізге оған және үйіңізге қамқор болу сізге қуаныш пен ләззат сыйлайтынын көрсетуге тырысыңыз. Егер ол сіз үй шаруасын жанжалдар мен қорлаудан кейін ғана орындауға дайын екеніңізді сезсе, оның сізге деген осындай қарым-қатынасы жүйелі түрге айналады.