⠀
🔸Отбасылық зорлық-зомбылық отбасында, отбасы мүшесіне қарсы, бір немесе бірнеше отбасы мүшелерімен жасалады. Ол экономикалық, психологиялық, физикалық және жыныстық сынды зорлық-зомбылықтың отбасындағы балаға немесе ересек адамға қарсы жасалатын түрлерінің бәрін қамтиды. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың мақсаты – жәбірленушіні қорқыту, үрей мен үмітсіздік сезімін ояту арқылы оны басынып алуға деген ынта мен тілек. Зорлық-зомбылық арқылы кейбір ата-аналар өз беделін сақтауға, ал ерлі-зайыптылар серіктесінің адалдығына қол жеткізуге тырысады. Бұл зорлық-зомбылықтың ең қатал және қиын дәлелденетін түрлерінің бірі. Отбасылық зорлық-зомбылық құқық қорғау органдарына аз хабарланады, себебі жәбірленушілер өздеріне психологиялық зиян келтіріліп жатқанын байқамайды да. Кез-келген қорлау, тыйым салу, қоқан-лоққы жасау, жақын адамның ұрып-соғуы немесе қудалауы күнделікті өмірдің бір бөлігі болып саналады, ал өзін адам орын алған жағдайдың тұтқынына түсіп қалғандай сезінеді. Бала ата-аналар арасындағы отбасылық зорлық-зомбылыққа куә болған кезде, ол сол қарым-қатынас моделін бойна сіңіріп, әлсіз балаларға, адамдарға немесе жануарларға, кейінірек өзінің отбасында агрессия көрсетуі мүмкін екенін ескеру маңызды.
⠀
🔸 Мектептегі зорлық-зомбылық немесе буллинг білім беру мекемесінде орын алады. Көбінесе ол мектептегі балалар арасындағы немесе мұғалім мен бала арасындағы психологиялық, физикалық зорлық-зомбылықты аңғартады. Сонымен бірге зорлық-зомбылықтың бұл түрі әр түрлі бағытта болуы мүмкін: мұғалімдердің оқушыларға, балалардың мұғалімдерге қарсы зорлық-зомбылығы, сыныптастарының бір баланы қорлауы немесе бір оқушының екіншісіне қысым жасауы. Бұл жағдайда өзін-өзі көрсету, жәбірленушінің жеке қадір-қасиетін қорлау арқылы көтерілуге ұмтылу мақсаты көзделеді.
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны