Помоги себе казакша (старое)

Психологтың кеңесі: балалар агрессиясымен күресудің жолы

Ата-аналардың балалардың агрессиясымен күресуге көмектесетін бірнеше ақиқатты білгендері абзал:

▪️ Басыну емес, шығар жолды іздеу керек
Әрдайым эмоцияларды шектеуге тырыспай, жасырып қалмай, сыртқа шығуына мүмкіндік берген жөн. Ең алдымен, бұны ата-аналар өздері үшін меңгеріп алуы керек. Содан кейін ғана балалары бұл қасиетті ата-анасынан өз бойларыңа сіңіреді. Ашулансаңыз балаңызға ол жайында айтуға қорықпаңыз. Бұл қалыпты жағдай. Осы арқылы сіздер мәселені талқыға салып, шешуге тырыса аласыздар. Сонымен қатар, баланың да әрекеті дәл осындай бола алатынын – бір нәрсеге ашулы екенін немесе реңжігенін ашық жеткізе алатынын аңғартасыз.
Бірте-бірте бала осы «маневрді» игеріп, өзінің жағымсыз қылықтарымен назар аударудан гөрі, мәселе туралы сөйлесу әлдеқайда оңайрақ болатынын түсінеді.

▪️ Дұрыс үлгі көрсете біліу
Сіздің сөздеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз өзара ұштасуы қажет. Осы жағдайда өзіңізге есеп беріңіз. Өзіңіз жасай алмайтын нәрсені балалардан талап етпеңіз.
Егер сіз балаңыздың эмоциясы «экологиялық таза» жеткізілгенін қаласаңыз, оны ең алдымен, ата-анасы өздері және қоршаған ортасы, қалай жүзеге асыратынын бақылаған жөн.
Егер сіз агрессияңызға төтеп бере алмасаңыз және балаңыздың агрессиясына шыдай алмасаңыз, онда психолог маманының көмегіне жүгенген жөн.

▪️ Агрессияның алдын алу мүмкін болмаса
Агрессия басталған жағдайда, бала айқайлап, ұруға әрекеттеніп жатса, ең тиімді әрекет – қатты құшақтау. Ол тынышталған кезде, оны қиналған шағында әрдайым тыңдауға дайын екеніңізді айта аласыз. Мұндай сәтте балаңызбен эмоционалды сөздерді пайдаланбай және оңаша отырып сөйлескен абзал.
Дереккөз: findmykids.org

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #советыпсихолога #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны
Психологтың кеңестері