Новости казакша (старое)

«Дағдарыс орталықтарына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және агрессорлармен жұмыс» жобасы

«Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ 2020 жылдың 6 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Мемлекеттік гранты аясында «дағдарыс орталықтарына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және агрессорлармен жұмыс» жобасын жүзеге асыруды бастады. Осы жоба аясында ықтимал агрессорларды анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу, тегін психологиялық кеңес алуға қол жетімділікті, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың агрессорларымен топтық психологиялық түзету жұмыстарын қамтамасыз ету жоспарланған.

Дағдарыс орталықтарының одағы өз қызмет аясын кеңейтіп, жұмысын отбасылық сотпен байланыстырды. Сот бастамасымен чат құрылып, келіссөздер және дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Жақында отбасылық соттарды дамыту туралы онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Онда Дағдарыс орталықтарының одағы, зорлық-зомбылық фактілері бойынша сот шешімін шығару кезінде агрессорларға құқық бұзушының зорлық-зомбылық әрекетін өзгертуге және оның гуманистік құндылықтарын қалыптастыруға, өз әрекеттеріне мен оның салдарына жауапкершлікпен қарауға, оның ішінде балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілікке бағытталған психо-түзету курстарынан өтуге кеңес беруді өтінген болатын.

Бұл ұсыныстар жоғарыда аталған жобаны іске асыруда өз үлесін қосып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектеседі. Дағдарыс орталықтарының одағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауына үміт артады және агрессорлар мен осы сипаттағы мәселелері бар жұптарды тегін психологиялық кеңестен өтуге шақырады.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне байланысты» кабинеттің мекен-жайы: Алматы қ., Сейфуллин көш. 577, 9 кеңсе, тел: 267 40 78, 8 708 10 608 10 және call - center: 150.

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌍Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #150 #нетнасилию #счастливыедети #психолог #помощьпсихолога #Байсакова