Новости казакша (старое)

«STOP трафик» акциясы өткізілді

Еліміздің бірнеше аймағында адам саудасы, бас бостандықтан заңсыз айыру, тәнін сатуға мәжбүрлеу, құлдық притондар ұйымдастыру сынды заң бұзушылықтардың алдын алуға және бетін ашуға бағытталған «STOP трафик» акциясы өтті.



Акция аясында криминалды полиция қызметкерлері сен «Сана сезім» және «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» ұйымдарымен бірлесіп Алматы, Шымкент қалаларының көші-қон қызметі орталықтарында адам саудасына қарсы күрес бойынша Республикалық сенім желісінің логотипі бейнеленген медициналық бетперделер, ақпараттық брошюралар мен буклеттер таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Таратылған материалдарда 116 16 сенім телефоны және адам саудасына байланысты қылмыстың жолын кесу және алдын алу шаралары жөнінде пайдалы мағлұматтар берілген.

Сонымен қатар аталмыш акция Сарыағаш ауданында орналасқан «Жібек Жолы», Панфилов ауданындағы «Қорғас» экономикалық аймағындағы, Жамбыл облысының «Қарасу» өткізу пунктерінде шекарадан кірген шетел азаматтары үшін өткізілді.

Бейнероликтің дереккөзі: polisia.kz
☎️11616
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

#cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #soyuz_kz #Байсакова #АдамСаудасынаЖолЖоқ #НетТорговлеЛюдьми