Новости казакша (старое)

Агрессорлардың тактикасы

Зорлық-зомбылықты алдын алу жолдарының бірі – оны ертерек анықтау. Сіз ауыр қарым-қатынасқа тап болғанға дейін, агрессорды оның әрекеттеріне қарап танып алуыңыз керек. Сондай-ақ, кейбір жандар қарым-қатынастарында бірдеңенің дұрыс емес екенін іштей сезінгенімен, анығында не болып жатқанын түсіне бермейді. Алдыңғы посттарда біз «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң бойынша айқындалған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 4 түрін және агрессорлардың ортақ белгілерін баяндаған болатынбыз. Бүгін біз мақсаты сізді басыну және өз күшін көрсету болып табылатын агрессордың қолданатын тактикалары жайында айтып береміз:


•Үстемдік - агрессорлар қарым-қатынас үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Олар сіз үшін және басқа да отбасы мүшелері үшін шешім қабылдайды, не істеу керектігін айтады және сізден оларға толық мойынсұнуыңызды күтеді. Сізді қорлаушы сізге қызметші, бала немесе тіпті оның меншігі ретінде қарауы мүмкін.

•Кемсіту - құқық бұзушы сізді кемелсіз, кем сезіну үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бұл жағдайда ол сіз өзіңізді түкке тұрғысыз деп санасаңыз және ешкім сізбен басқа қарым-қатынас жасағысы келмейтінін түсінсеңіз, сіздің кету туралы шешім қабылдауға батылыңыз жетпейді деп ойлайды. Қорлау, қиянат жасау, сөгіс және жұрт алдында төмендету – бұл өзін-өзі бағалауға нұқсан келтіріп, өзін дәрменсіз сезіндіру үшін жасалған әрекет.

•Оқшаулау – өзіне тәуелділікті арттыру үшін, агрессор сізді сыртқы әлемнен алшақ ұстауға тырысады. Ол сізге отбасыңыз бен достарыңызды көруге тыйым салып, жұмысқа немесе оқуға жібермей қоюы ықтимал. Бірдене жасау үшін, бір жерге бару үшін немесе біреумен көрісу үшін сізге рұқсат сұрауға тура келуі мүмкін.


•Бопсалау – агрессорлар әдетте сіз одан қашып кетпес үшін немесе оған шағымданбас үшін бопсалауға тырысады. Жәбірлеуші сізді, балаларыңызды, басқа да отбасы мүшелерін немесе тіпті үй жануарларына зиян келтіруге немесе өлтіруге қорқытуы мүмкін. Ол өзін-өзі өлтіремін деп, сізге жалған айып тағамын деп немесе балаларды қорғау қызметіне сіздің атыңызға шағым түсіремін деп те бопсалауы мүмкін.

•Қорқыту – қорлаушы сізді бағындыруға бағытталған түрлі қорқыту әрекеттерін қолдана алады. Бұндай әрекеттерге қорқытатын көзқарастар мен ым-ишаралар жатады, ол сіздің көз алдыңызда үйді төңкеріп, мүлікті жойып, үй жануарларына зардап келтіре алады. Бұл, сіздің мойынсұнбауыңыз қатерлі салдарға әкелуі мүмкін екендігі туралы сигнал.

•Бас тарту және кінә – жәбірлеушілер кешірімді ұтымды сұрай алады, тіпті кешіруге мүмкін емес нәрсе үшін де кешірім ала алады. Ол өзінің агрессивті іс-әрекеттеріне қиын балалық шақтың, қиын күннің кінәлі екенін алдыға тартып, тіпті сізді де кінәлі етуі мүмкін. Агрессор зорлық-зомбылықты азайтып көрсетеді немесе оның болғанын мүлде жоққа шығара алады. Ол жауапкершілікті сізге жүктеуге тырысады: қалай болғанда да оның қатал және дөрекі мінез-құлқы сіздің кінәңіз болып шығады.

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌏Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#cisc2020 #qogamgov #telefon150kz #cенімтелефоны #телефондоверия #150 #агрессиястоп #агрессияғажоқ #soyuz_kz #агрессорлардыңісәрекеті #тактикаагрессоров