⠀
«Отбасылық дәстүрлер — бұл отбасында қабылданған ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір нормалар,әдеп, әдет-ғұрыптар мен көзқарастар». Бұл болашақта балалар өз отбасына алып барып, өз балаларына жеткізетін үйреншікті әдет-ғұрып.
⠀
Отбасылық дәстүрлер адамдарға не береді?
Олар баланың үйлесімді дамуына ықпал етеді. Өйткені, дәстүрлер белгілі бір әрекеттердің қайталануына негізделеді, демек, тұрақтылықты білдіреді. Балақай үшін осындай, болжауға мүмкін нәрселер өте маңызды, осының арқасында ол үлкен түсініксіз әлемнен қорқуын қояды. Бәрі тұрақты және ата-анасы жанында болса, неден қорықсын? Оған қоса, дәстүрлер балаларға қатал тәрбиелеушіден бөлек, ата-аналарды бірге көңілді уақыт өткізуге болатын дос ретінде көруге үйретеді.
Ересектер көзінде отбасылық дәстүрлер туыстары арасындағы бірлік сезімін нығайтады, оларды жақындатады, сезімдерін күшейтеді.
Бұл отбасының мәдени дамуына септігін тигізеді. Жанұя жай ғана жеке «мен»-дердің жиынтығы емес, елдің мәдени мұрасына үлес қосатын, қоғамның толыққанды бір ұяшығы ретінде қалыптасады.
⠀
150
8 708 106 08 10
Telefon150.kz
kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan
⠀
#фондsorasказахстан #бытовоенасилие #помощьжертвамнасилия #оплататруда #безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz