⠀
✅Мұғалімнің беделін сақтаңыз (кейбір жерде онымен келіспесеңіз де). Осы жастағы бала үшін беделге ие болу өте маңызды тәжірибе, ал оның болмауы баланың жеке тұлғасының маңызды құрылымдарын бұзады. Мұғаліммен келіспеушіліктер туындаған жағдайда мұғаліммен диалог құруға тырысыңыз, оған көмектесіңіз, әлеуметтік ауыртпалықты өз мойныңызға алыңыз - бірақ ешбір жағдайда баланың көзінде ұстазды төмендетпеңіз.
⠀
✅ Мектептен кейін балаңызбен оқу күні қалай өткені туралы әңгімелесіңіз – сабақтар мен жетістіктер туралы емес, оған не ұнап, ненің ұнамағанын, не нәрсенің қызықты болғанын және не есінде қалғанын сұраңыз. Осы сұхбаттасу кезінде бағалаусыз көзқарас пен эмпатияны сақтау өте маңызды.
⠀
✅ Балаңызға мектеп тапсырмаларының сапасына байланысты талаптарды қоймаңыз - бұл мұғалімнің құзырында. Сіз өзіңіздің позицияңызды тексеруші емес, көмекші және әріптес ретінде сақтауыңыз керек. Егер сізге бала әлденені жеткіліксіз деңгейде орындайтындай болып көрінсе, қиындықтардың шын себебін анықтап, жою үшін мұғаліммен немесе мектеп психологымен кеңесіңіз.
⠀
✅ Балаңыздың ойнайтын орыны мен уақытын сақтаңыз, әсіресе сюжеттік-рөлдік, үстел үсті және қимыл-қозғалыс ойындары үшін. Нақ осылар мотивацияның және психологиялық дағдыларды тәрбиелеудің көзі болып табылады.
⠀
✅ Егер сіздің балаңызға қабілеті немесе мектепке дейінгі алған білім деңгейіне байланысты сабақ оқу оңай берілсе, оны мектеп өмірінің басқа қырларына қызықтыруға тырысыңыз, мысалы, басқа балаларға, мұғалімге, мектепке көмектесу мүмкіндігі. Сондай-ақ психологпен кеңесу керек, себебі бұл жағдай балаға оқу үлегерімі төмен болған жағдайдан кем емес зиян тигізуі мүмкін.
Дереккөз: www.belykrolik.ru
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #советыпсихолога #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны