Помоги себе казакша (старое)

Буллингтегі агрессор

😈😈😈 Буллингтегі агрессор

Жәбірленуші болып, кейін кек алуға бел буған оқушылар арасындағы кісі өлтіру мен суицидтің, сондай-ақ, жаппай атыстардың қайғылы өсуіне байланысты, әсіресе мектептегі оқиғаларда агрессивті мінез-құлық пен қудалау мұқият бақыланып, егжей-тегжейлі зерттелуде. Жәбірленушінің ақыр соңында агрессорге айналуы – буллинг кері әсерінің көрінісі.

Зерттеулер көрсеткендей, кейбір агрессорлар «нарциссистік тұлғаның бұзылуынан» зардап шегеді. Немесе агрессорлар әлеуметтік жағдайларды және басқа адамдардың әрекеттерін түсінуде қиындықтарға тап болады. Мысалы, оқушы осындай агрессорге дәлізде кездей соқ соғылып қалуы мүмкін, ал агрессор соқтығысуды шабуыл деп санайды, мұны триггер ретінде қабылдайды және «кек алуды» қалап, бұзақылықтарды бастайды.

Көбіне балалар өздерін агрессивті ұстауды ата-аналардан немесе қорқытуға бейім үлкен аға-әпкелерінен үйренеді. Кейде ересектер бұл әрекеттерді саналы немесе бейсаналы түрде құптауы мүмкін. Мысалы, кейде бала ата-анасына агрессивті бола отырып, үй шаруасынан қашуға болады деп (теріс күшейту), немесе қорқыту арқылы қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге болады деп санайды (ата-аналардың құптау әдісін дұрыс пайдаланбауы). Кез-келген оқырман, әсіресе қазір өздері ата-анаға айналғандар осындай мінез-құлық үлгісін жүзеге асыруға қатысқан немесе бұл құбылысты бақылаған. Бұл механизм келесідей көрініс табады. Бала ойыншықтарын жинау керектігіне үнемі шағымданады, ақыр соңында ата-ана шаршап, оларды өзі жинай бастайды.

Дүкен кезегінде тұрғанда бұндай жағдайды бірнеше рет байқаған боларсыз. Балаға ата-анасы кәмпит сатып алғанға дейін есірігі ұстайды. Мұндай жағымсыз және позитивті күшейту әсері уақыт өте келе артады, өйткені ол үнемі қайталанады. Біраз уақыттан кейін бұл тізбекті бұзу қиынға соғатын болады.
Дереккөз: psyfactor.org

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz
Психологтың кеңестері