Помоги себе казакша (старое)

Агрессия және психологиялық диагностика

🔎🔎🔎 Агрессиялық мінез-құлықтың ғылыми зерттеуі бірнеше мәселелерді туындатады, себебі зерттеушіге зерттелетін субьектінің мінез-құлқы зиян келтіруі мүмкін. Адамдардың бір-біріне зиян келтіретін мүмкіндігі бар зерттеу әдістерін қолдануға рұқсат етілмейді. Сондықтан агрессияны зерттеу мақсатында нақты зиян келтірмейтін, агрессиялық мінез-құлық мәселесін зерттеуге мүмкіндік беретін қауіпсіз, ғылыми негізделген әдістер әзірленген.

Әдістемелерді әзірлеу және тестілеу, оларды өлшеу құралдары ретінде пайдалану үшін өлшемдерді әзірлеу, зерттеулер жүргізу ережелерін, нәтижелерді өңдеу және түсіндіру тәсілдерін әзірлеу психологиялық диагностиканың құзыретіне жатады.

Өзін-өзі диагностикалау – арнайы әдістерді қолдану арқылы өзінөзі зерттеу рәсімі. Бұл әдістер тестілер, жоспарлы өзін-өзі бақылау, рефлексия, өз қызметінің өнімін зерттеу, пікір жинау болуы мүмкін. Өзін-өзі диагностикалау адамның өзін-өзі бағалауын және оның қоғамдағы, кәсіби қарым-қатынастағы жағдайын объективті түрде көрсетеді.

Агрессивтілікті диагностикалаудың әдістері мен тәсілдерін таңдау, ең алдымен, сыналатын адамның шешілуі тиіс проблемасының жеке мазмұнына байланысты. Бұл тұрғыда диагностикалық процестің әрбір қатысушысы үшін диагностиканың маңыздылығы, тікелей нәтиже, ұсыныстарды қабылдауға қабілеті және оларды ұстануға дайындығы маңызды. Сондай-ақ маманның психодиагностикалық гипотезаларды дәлелдеуді немесе жоққа шығаруды және жалпы мәселені шешетін құралдарды білуі де маңызды рөл атқарады.

Агрессияны анықтау үшін бірқатар диагностикалық әдістер қолданылады:
🔸 Сауалнама әдістері;
🔸 Өшпенділік шкалалары;
🔸 Проекциялық әдістер.
Дереккөз: «Агрессорлармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік құрал», НҰР-СҰЛТАН қ., 2019 ж.

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz
Психологтың кеңестері