⠀
Қазақстандағы «Дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар бірлестігі Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен 22 мамыр мен 22 қыркүйек аралығында жалғасатын жобаны жүзеге асыруды бастады. Жобаның мақсаты: тұрғындарды зорлық-зомбылықтан қорғанудың тетіктері туралы ақпараттандыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына сапалы әрі шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
⠀
Жобаның міндеттері:
⠀
1) Тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғанудың тетіктері және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау бойынша қолданыстағы қызметтер жөнінде ақпараттық кампаниядарды жүргізу. Оның ішінде, № 150 «Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефонының» қызметі туралы (Бұдан әрі БмЖҰСТ), дағдарыс орталықтарының жұмысы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімінің қызметі туралы хабардар ету. № 150 БмЖҰСТ құпиялылық және жасырындық қағидаттары бойынша тәулік бойы қызмет етеді. Қазақстанның кез келген нүктесінен осы нөмірге тегін хабарласу қамтамасыз етілген.
⠀
2) Жақсартылған тамақтану мен антисептикалық заттарды қажетсінетін, дағдарыс орталығында қоныстанған зорлық-зомбылық құрбандарына 20 000 тг мөлшеріндегі тікелей көмек көрсету. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде қашықтықтан кеңес беруді, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ДО-ның 23 қызметкеріне еңбек ақы төлеу.
⠀
3) Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың потенциалды құрбандарына, № 150 БмЖҰСТ сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына телефон арқылы кеңес беру.
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌍Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan
⠀
#фондsorasказахстан #бытовоенасилие #помощьжертвамнасилия #оплататруда #безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz