Помоги себе казакша

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жанға қалай көмектесуге болады?

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жанға қалай көмектесуге болады:

🔸 Егер оқиға жаңа ғана орын алса, ең алдымен, дене жарақаттарына мән беріп, «ешқай жерің ауырмайды ма?» деп сұраңыз. Қажет болған жағдайда жедел жәрдемді шақыртыңыз.
🔸 Жәбірленушіге үйреншікті, жеңіл қортылатын ыстық ас немесе сусын (мысалы, шәй немесе сүт) беріп, оны жылытыңыз. Жылы күйзелісті бәсеңдетіп, адамды тыныштандырады. Тоқтық адам бойындағы үрейді азайтады.
🔸 Онымен байсалды дауыспен сөйлесіңіз, оған қалай көмектескеніңізді қалайтынын сұраңыз. Мұндай жағдайда «саған қазір қолдау қажет пе, әлде көңіліңді басқа нәрсеге аудару қажет пе?» деп сұраған жөн.
🔸 Егер жәбірленуші қозып тұрса, оған көбірек қимылдауға, ішіндегісін айтып, ұрсып, айқайлауына мұрша беріңіз, әрі бері жүре тұруды ұсыныңыз.
🔸 Сіз жанында екеніңізді және оның кез келген шешімін қолдайтыныңызды жеткізіңіз.
🔸 Жәбірленушімен біріге отырып, әрі қарай әрекет ету жоспарын құрыңыз.

Ал ұзақмерзімді, бірнеше мәрте қайталанып жатқан зорлық-зомбылық кезінде келесідей әрекет еткен жөн:

▪️ Өз көмегіңізді ұсынып, жәбірленушінің жанында екеніңізді жеткізіңіз. Бұл кезде оның шешімді өзі қабылдағанын күту қажет. Сіз тек ұсынасыз, бірақ мәжбүрлемесіз.
▪️ Мүмкіндігінше қолдаңыз, айыптамайтыныңызды көрсетіңіз. Бір жолата кету қиын екенін түсінетініңізді сызып айтыңыз.
▪️ Агрессордың іс-әрекеті жағымсыз екенін айтыңыз, бірақ жеке тұлғалық айыптауға көшпеңіз. Қиянат жасаушымен болса да, ол да қарым-қатынас түрі екенін ұмытпаңыз, жәбірленушінің оған деген сезімі болуы мүмкін.
▪️ Ақылға қонымды шешім ұсыныңыз: агрессордан кетпей-ақ қойсын, бірақ құжаттарды жинап, сізде қалдыруды; баланы әжесінікіне жіберуді және зорлық-зомбылық қайталанса не істеу керектігін ойластыруды ұсыныңыз.
▪️ Зорлық-зомбылық цикилді құбылыс екенін түсіндіріңіз. Оның жиілігін күнтүзбеде белгілер қою арқылы анықтауға болады.
▪️ Дағдарыс Орталықтары және сенім телефондарының қызметі жөнынде баяндап беріңіз. Дағдарыс Орталықтарының кейбірі қауіпсіз баспанамен қамтылған.

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #soyuz_kz
#cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #балаларғаарналғанқауіпсіздікережелері #психолог #қолдау #поддержка #звони150 #Байсакова
Психологтың кеңестері