⠀
Ереже №1
Балаңыз мазасыз болса, мүмкін өзіңіз де кінәлі шығарсыз? Бірақ, ең алдымен бала мазасыз ба, әлде бұл мінез-құлыққа ересектедің әрекеті себеп болды ма анықтау қажет. Егер балаңыз адам көп жерде отыра салып, дүкен сөресіндегідей ойыншықты қалайтыны туралы айқайлай бастаса, бұл баланың қыңырлығы. Ал, егер бала «мен өзім» деген сөздермен көртешесін тағуға тырысқанда, анасы кешігіп, бұны баланың орынына өзі істеген кезде бала жылап бастаса, бұл жағдайда жағымсыз қылықтың себепкері – анасы. Сол себепті шыдамдылық танытқаныңыз жөн.
⠀
Ереже №2
Тізбекті реакцияның қалыптасуына жол бермеу керек, эмоцияларыңызды қадағалауға тырысыңыз. Өздеріңіз білетіндей, агрессия агрессияны және айқай-шуды тудырады, балаңызға дауыс көтеру барысында сіз тек қаға жағымсыз эмоциялармен, жылап, мазасыздануды тудырасыз. Неғұрлым көбірек ұрысқан сайын, баланың сол ғұрлым есі кете бастайды. Сабырлы дауыспен балаға өзін олай ұстауға болмайтынын және сол үшін сіз қатты қамығатынызды түсіндіріңіз. Бұдан әрі әңгімені жалғастырудың керекгі жоқ, өйткені логикалық ойлау бұл сәтте көмектеспейді. Сондай-ақ, баланың талаптарын орындап кетудіғ де қажеті жоқ.
⠀
Ереже №3
Тәрбиелеуде бопсалауды қолданбаңыз. Көптеген ата-аналар балаларын «аузынды жаппасаң, жақсы көрмеймін», «жылауды қоймасаң, ойыншықты бермеймін» деп бопсалайды. Бұлай істеудің қажеті жоқ. Шантажға негізделген мұндай әдіс балақайға өтірік айтуға және бірдеңе қажет болған жағдайда шантажға жүгінуге үйретеді. Тәрбиенің бұл түрі жасөспірімдерде «онымен кездесуге рұқсат бермесеңіз, қашып кетемін», «екіліктер үшін мені ұрыссаңыз, үйден кетіп қаламын» деген сөздерді тудыруы мүмкін.
(жалғасы карусельде
)
⠀
150
8 708 106 08 10
Telefon150.kz
kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan
⠀
#фондsorasказахстан
#бытовоенасилие
#помощьжертвамнасилия
#оплататруда
#безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz