Новости казакша (старое)

Агрессор да, жәбірленуші де жарақат алған адамдар. Бірақ біз біреулерге көмектесіп, басқаларын жазалаймыз ба?

Агрессорге де көмектесу қажет. Олар өткен травматикалық тәжірибенің қысымында қалады. Біреуі бұны түсініп, өткеннің еншісіне жіберсе, басқалары мүлде ұмытып кетеді. Бірақ, ұқсас тәжірибе қайталанған кезде ол тағыда пайда болады. Ұмытылған тәжірибе белсендіріліп, адам өзін ақылға қонымсыз ұстай бастайды. Сол себепті бұл мәселемен жұмыс істеп, емдеу қажет.

Қиянат жасаушының мінез-құлқы да бейімделу болып табылады, бірақ ол көз алдындағы бейнесін келтіру үшін жанындағыларға қиянат келтіреді. Психологиялық жарақаттан туындаған мәселелер автоматтандырылған. Өкінішке орай, бұл қиындықтарды өздігімен шешу мүмкін емес. Егер жәбірленуші де, агрессор да өз жарақаттарын психологиялық терапия арқылы емдеп көрсе, олар сау қарым-қатынасты қалыптастыруға қол жеткізуі мүмкін. Бірақ бұл да оңай шаруа емес, өйткені әдетте соңғыларының өзгеруге деген ынтасы аз болып келеді.