⠀
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия және Қазақстандағы БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА, @unfpakaz) «зорлық-зомбылық құрбандарына арналған іс-әрекет алгоритмі» жадынамасын әзірледі.
⠀
Осы маңызды ақпаратты халық арасында таратуда өз үлесімізді қосайық
⠀
Егер сіздің отбасыңызда зорлық-зомбылық орын алған болса, келесі зомбылық орын алған болса, келесі іс-әрекеттерді орындаған жөн:
⠀
1.Дереу 102 нөмірі арқылы полицияға зорлық-зомбылық туралы ауызша мәлімдемен хабарласыңыз немесе qamqor.gov.kz порталы (онлайн өтінім) арқылы өтінім беріңіз (ол міндетті түрде тіркелуі қажет).
Сіздің полиция қызметкерлерінен құқық бұзушыға қатысты шара қолдану үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жерге келуін талап етуге құқығыңыз бар.
⠀
2.Жарақат алған жағдайда 103 нөмірі арқылы жедел жәрдемді шақырту керек.
Сот-медициналық сараптамадан өту үшін полиция қызметкерінен бағыттау қағаздарын алыңыз.
⠀
3.Тәулік бойы қызмет ететін балалар, жастар және зорлық-зомбылық жағдайындағы адамдарға арналған Ұлттық сенім телефонына тегін 150 нөмірі немесе +77081060810 (WhatsApp), www.telefon150.kz сайты арқылы хабарласыңыз. Онда сізге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі, учаскелік инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс нөмірлері беріледі. Қоңыраулардың анонимділігі мен құпиялылығына кепілдік беріледі.
⠀
4.Барлық аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда, сіз осы орталықтарға қауіпсіз баспанада қоныстану үшін жүгіне аласыз.
⠀
5.Әр аймақта әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия бар, олар сіздерге кеңес беріп, қолдау көрсете алады.
⠀
150
8 708 106 08 10
Telefon150.kz
@sfkazakhstan
⠀
#фондsorasказахстан
#бытовоенасилие #помощьжертвамнасилия #оплататруда #безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz