Помоги себе казакша

Балалардың агрессиясы: ата-анаға арналған кеңестер

😤😤😤 Балалардың агрессиясы: ата-анаға арналған кеңестер

Әр түрлі жас кезеңдеріндегі ата-аналардың көпшілігі ерте ме, кеш пе, баланың агрессивті мінез-құлқына тап болады. Мұндай сәттерде есте ұстайтын ең басты нәрсе - бұл мәселе сіздің балаңызға деген сүйіспеншілік, ізеттілік пен құрмет арқылы ғана шешілуі мүмкін және солай болуға тиіс те.

▪️ Балаға жағымсыз эмоцияларды шығаруға тыйым салуға болмайды. Кез-келген эмоцияның қалыпты екенін баса көрсетіңіз!
▪️ Балаңызға агрессияны «экологиялық» түрде білдірудің жолын табуға көмектесіңіз (бұл спорт секциясы, ашық ойындар болуы мүмкін).
▪️ Балаңызбен сөйлесуді ұмытпаңыз, оны не мазалайтыны туралы сұраңыз.
▪️ Баланың өзін-өзі бағалауын жақсартыңыз: оның «күшті жақтарын» мадақтаңыз, қадір-қасиетін көтермелеңіз.
▪️ Сын деңгейін төмендетіңіз.
▪️ Баланың қоршаған ортасындағы агрессияны азайтуға тырысыңыз (жазалау, агрессивті екпіндері бар теледидарлар мен компьютерлік ойындар, сөйлесу барысында дөрекі сөздер).
▪️ «Тең деңгейлі» тілдесуді ұстануға тырысыңыз.
▪️ Сіздің іс-әрекетіңіз сөзіңізге қайшы келмейтіндігіне көз жеткізіңіз (мысалы: ұятсыз сөздерді қолдануға жол берілмейтіндігі туралы айтып, бірақ оларды өзіміздің қолдануымыз).
▪️ Балаңыздың қарым-қатынас дағдыларын дамытыңыз.

Теріс эмоцияларды көрсетуге тыйым салып, жазалау баланың агрессивті мінез-құлқын күшейте алатынын және мәселелерді тереңдететінін ұмытпаған жөн. Мұндай мінез-құлықтың пайда болу себебін іздеңіз.
Дереккөз: findmykids.org

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #советыпсихолога #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны
Психологтың кеңестері