разное

БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫ ҚАЛАЙ КӨРІНІС ТАБАДЫ?

БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫ ҚАЛАЙ КӨРІНІС ТАБАДЫ

▪️ Зар еңіреп жылап жатқан нәрестенің ашуы мен наразылығының себебі қарапайым: баланың физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандылырмаған. Бұл жағдайда ашушаңдық – өмір сүру үшін күресу әрекеті.

▪️ 1,2-5 жасар баланың долылығы және құрдасына шабуыл жасауы, ойыншықты иелену үшін жанжал шығаруы.

▪️ Егер ата-анасы осы жаста баласының мінез-құлқына төзімділікпен қараса, нәтижесінде ашушаңдықтың нышандық түрлері қалыптасуы ықтимал: қыңқылдау, тілазарлық, қыңырлық және т.с.с.

▪️ 3 жасар баланың айғайлауы, тістеленуі, аяғымен жер тепкілеуі оның «зерттеу түйсігін» шектеумен, тойымсыз білімқұмарлық пен ата-анасының үнемі тыйым салуы арасындағы қарама-қайшылықпен байланысты болуы мүмкін.

▪️ Мектепке дейінгі жастағы ұл баланың сотқарлығы, қыз баланың жылаңқылығы, шаңқылдауы. Бұл жаста ұл балалардың бойында қыздарға қарағанда ашушаңдық үрдістері көбірек байқалады, себебі, қыздар жазаланудан қорқатындықтан, ашушаңдығын көрсетуге жүрексінеді, ал ұл балалардың ашушаңдығына айналадағылар мақұлдағандай болып, төзімділікпен қарайды.

▪️ Кіші мектеп жасында ұл балалардың өзгелерге шабуылдау жайттары, ал қыздарда «әлеуметтендірілген» ашушаңдық белгілері: кемсіту, келемеждеу, бәсекелестік жиі байқалады.

▪️ Жасөспірім ұл балаларда физикалық ашушаңдық (шабуылдау, төбелесу), ал қыз балаларда негативизм (теріске шығару) және ауызша ашушаңдық (өсек, сын, қоқан-лоқы, балағаттау) басым болуын жалғастыра береді.
©️ Беларусьтегі ЮНИСЕФ материалдары негізінде әзірленді

☎️ 150
📱8 708 106 08 10
📧 kzsoyuz@gmail.com
🌍 Telefon150.kz
@cisc_official

#психолог #психологтыңкеңесі #рекомендациипсихолога #ашушаңдық #нетагрессии #cisc2020 #qogamgov #telefon150kz
Советы психолога