Новости казакша

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ШАРАЛАРЫ

⛔ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ШАРАЛАРЫ:

🔸ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕСУ. Агрессормен профилактикалық әңгімелесу отбасы мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері расталған немесе анықталған жағдайда жүргізіледі. Профилактикалық әңгімелесу тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға мойынсұнушылық мінез-құлықтың қажеттілігіне көз жеткізу мақсатында өткізіледі. Агрессорға әкімшілік жазалау шараларын қолдану кезінде полиция профилактикалық әңгіме жүргізеді, ол бір сағаттан аспайтын уақытқа созылады. Егер кәмелетке толмаған адам агрессор ретінде әрекет етсе, профилактикалық әңгімелесу ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

🔸ЕСКЕРТПЕ. Агрессорға ескерту құқық қорғау ұйымдарының ұйғарымы түрінде шығарылады. ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына сәй-кес, қорғау ұйғарымы құрбанды агрессордың тарапынан қайта зорлық-зомбылық көруінен қорғау мақсатында шығарылады. Қорғау ұйғарымы агрессордың жәбірленушімен байланысқа түсуінің кез келген түрінен қорғауды көздейді. Осы шешімді бұзу жеке шығарылатын заңды санкцияларға алып келеді.

🔸ЕСЕПКЕ АЛУ. Агрессорды есепке қою отбасында зорлық-зомбылық әрекетін полиция тіркегеннен кейін, сондай-ақ агрессорға ұйғарым шығарылған жағдайда орындалады. Содан кейін полиция аптасына кемінде бір рет жүргізілетін профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.

🔸ҰЙҒАРЫМ. Зорлық-зомбылықтың тіркелген актісінің дамуының екі перспективасы болуы мүмкін – біріншіден, агрессорды полицияда ұстап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған алдын алу бағдарламасына қатыстыра алады. Екіншіден, агрессорға қатысты әкімшілік жазалау жүзеге аспаса, ұйғарымдар қолданылуы мүмкін – онда агрессорды полицияда ұстай алады.

Мұндай құжат отбасына онын жекелеген мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамға беріледі. Ұйғарым әкімшілік жазалау үшін жәбірлеушіні ұстаудың себептері болмаған жағдайда шығарылады. Мұндай іс-шара тек 16 жасқа толған тұлғаға қатысты шығарылуы мүмкін.

Ұйғарымның мазмұны жәбірленушінің еркіне қарамастан, кәмелетке толмаған және (немесе) оның отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға тыйым салуды қамтиды. Ұйғарымның қолданылу мерзімі бір айды құрайды.

Дереккөз: «Агрессорлармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік құрал», НҰР-СҰЛТАНқ., 2019ж.

☎ 150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны#телефондоверия #Байсакова#психолог #помощьпсихолога#telefon150kz #qolday #soyuz_kz