разное

Мария Монтессоридің бала тәрбиесіндегі кеңестері

Заман ағымымен келе жатқан ата-аналар балаларды тәрбиелеудегі Монтессори әдістерін талай рет естіген болу керек. Оның педагогикалық жүйесін көптеген мемлекеттік және жеке мектептер қолдануда. Оның әдіс-тәсілдері бүгінгі күнге дейін әлем психологтарымен талданып, тереңінен зерттеліп жатыр. Бүгін біз сіздердің назарыңызға Мария Монтессори тұжырымдамасымен жиналған ата-аналарға арналған 19 өсиетті ұсынамыз:⠀1) Балаларды қоршаған ортасы тәрбиелейді.2) Егер баланы жиі сынаса, ол айыптауға үйренеді.3) Егер баланы жиі мадақтаса, ол бағалауды үйренеді.4) Егер балаға дұшпандық көрсетілсе, ол қастыққа үйренеді.5) Егер ересектер баламен шынайы болса, ол әділеттілікті үйренеді.6) Егер баланы жиі мазақ етсе, ол ұялшақ болуды үйренеді.7) Егер бала қауіпсіздік сезімімен өмір сүрсе, ол сенуді үйренеді.8) Егер баланы жиі қорласа, ол өзін кінәлі сезінуге үйренеді.9) Егер баланың іс-әрекеті жиі мақтанылса, ол өзін жақсы ұстауды үйренеді.10) Егер балаға жиі түсіністік танытылса, ол шыдамды болуға үйренеді.11) Егер баланы жиі жігерлендірсе, ол өзіне сенімді болуға үйренеді.12) Егер бала достық атмосферасында өмір сүрсе және өзін қажет сезінсе - ол осы әлемде махаббат табуды үйренеді.13) Баланың алдында да, баласыз да ол туралы жағымсыз нәрселер айтпаңыз.14) Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал етіңіз, нәтижесінде жағымсыз қасиеттер қалыптаспайды.15) Әрдайым сізге сөйлеп жатқан балаға құлақ асып, жауап қайтарыңыз.16) Қателік жасап, оны қазір немесе сәл кейінірек түзете алатын балаға деген сыйластықты жоғалтпаңыз.17) Ізденісте жүрген балаға әрдайым көмектесуге дайын болыңыз, бірақ, өз орынын тапқан балаға кедергі келтірмеңіз.18) Балаңызға бұрын зерттелмеген нәрсені тануға көмектесіңіз. Бұны қоршаған ортаны қамқорлықпен, ұстамдылықпен, үнсіздік және махаббатпен толтыра отырып істеңіз.19) Баламен қарым-қатынас жасағанда әрқашан әдепті және мәдениетті болыңыз – оның бойына өзіңіздегі ең жақсы қасиеттерді сіңіріңіз.Ақпарат көзі: www.adme.ru⠀☎️150📱8 708 106 08 10📧kzsoyuz@gmail.com🌍 Telefon150.kz@cisc_official@crisis_center_almaty@akimat_almaty⠀#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #советыродителям #атааналарғакеңес #воспитаниедетей #балатәрбиесі
Советы психолога