Новости казакша

Отбасындағы зорлық-зомбылық циклі

1. Отбасындағы шиеленістің артуы. Бұл кезеңде арандатушы ашуланғыш, төзімсіз және мінсіз болып келеді. Жәбірленуші, болып жатқан жағдайды бақылауға алуға тырысып, ер азаматын, тыныштандыруға әрекет жасайды, оның іс әрекетіне түсінушілікпен қарауға, мінез-құлқын ақтауға тырысады. Зорлық көрсетушіге қиянат жасауға және оны арандатуға көп сылтау қажет емес: уақытылы берілмеген кешкі ас, баланың мектепте алған нашар бағасы, жұмысқа кешігу және т.б.
2. Зорлық-зомбылық оқиғасы. Жедел зорлық-зомбылық кезеңінде ауызша, эмоционалды немесе физикалық зорлық-зомбылықтың өсуі байқалады. Ашумен, дәлелдермен, айыптаулармен, қоқан-лоққылармен, қорқытуымен орын алады. Бұл кез арандатушының ойындағысың жүзеге асыру кезеңі. Агрессор өзінің шиеленісіне ерік береді, тұрмыстық техниканы бұзады, физикалық зорлық жасайды, жәбірленушіні қорқытады, Зорлық-зомбылық жағдайы жәбірленуші дүр сілкіндіреді, бірақ біраз уақыттан кейін арнмінез-құлқын ақтауға тырысады, агрессияның себептерін іздейді. Сонымен қатар, ұрудың болуын жоққа шығарады немесе зорлық-зомбылықтың мәнін азайтады «Одан да жаман болуы мүмкін еді,» деген сөздермен өзін жұбатады.

3. Татуласу. Үшінші кезеңде агрессор кешірім сұрап, өзінің қатыгездік іс әрекетін себебін түсіндіруге тырысады, кінәні жәбірленушіге мойнына аударып, кейде болған оқиғаны жоққа шығарады немесе оқиғаны асыра сілтегеніне сендіреді. Агрессор өзінің жеке қасиеттерінің салдарынан қатыгез әрекетімен байланысты шиеленіс жағдайында бола алмайды. Жауапкершіліктің «ауыр жүгінен» құтылу үшін ол өзін-өзі ақтап, кінәні жәбірленушінің мойнына ілуге тырысады. Бұл кезеңнің мақсаты - өзінің жазасыз қалуын қамтамасыз ету.