разное

Неліктен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешуде ерекше көзқарас қажет?

⁉️ Неліктен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешуде ерекше көзқарас қажет?

⚡️Біріншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында жәбірленуші агрессормен үзіксіз байланыста болады және көп жағдайда оған экомонимкалық тұрғыда тәуілділікті сезінеді. Көшеде сізге қол көтерген адаммен күнделікті кездесіп, бір бөлмеде ұйқыға жатпайсыз. Ал, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің көбісі бөлек баспанаға кете алмайды. Олардың агрессормен үнемі қарым-қатынас жасауы, қайтадан зорлық-зомбылыққа тап болуын білдіреді. Зиянды қарым-қатынастағы әйелдерге қоғамда қалыптасқан стериотиптер де бұл қарым-қатынасты үзуге мүмкіндік бермей, қысым көрсетеді: «балаларға әке керек», «отбасын бұзба». Жәбірленушіні кінәлау дәстүрінен шыққан қауіп төндіретін қате ойлардың тағы бірі – әйел немесе ер адам өзін «жақсы» ұстап, серіктесімен тіл табысудың тиісінше амалын тапса, оларға байланысты зорлық-зомбылық тоқтайды деп ойлау.

⚡️Бұған қоса, психологиялық факторларда бар – қысым, бопсалау, үркіту, көп жағдайда ұрып-соғумен қатар жүретін ұзақ қарым-қатынастан кейін адамда тұрмыстық Стокгольм синдромы пайда болады. Психологиялық қорғаныс ретінде жәбірленуші агрессордың талаптарын сөзсіз орындап, әрекеттерін ақтап, онымен эмоционалды байланыс құруға тырысса, оның жаны ашып, аяушылық танытады деп сене бастайды.
Дереккөз: wonderzine.com

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#cisc2020 #qogamgov #telefon150kz #cенімтелефоны #телефондоверия #150 #агрессиястоп #агрессияғажоқ #soyuz_kz #Байсакова
Советы психолога