Новости казакша (старое)

Қашан агрессор-күйеумен күресу пайдасыз?

Сіз оны түсінуге тырыстыңыз, қорлаулар мен айыптауларға шыдап, сөйлесуге және мәселені шешуге барыңызды салдыңыз, бірақ одан ештеңе шықпады? Осындай адамды өзіңіздің жаныңызда әрі қарай шыдай берудің қажеті бар ма? Отбасын сақтап қалу үшін күресу әрдайым нәтиже бере бермейді, олай істеудің мәні жоқ егер:


Ер адам сізді басқа сүймейтінін мойындап, бірақ, белгілі бір себептермен сізбен бірге өмір сүруді жалғастырады. Мысалы, сіздің балаларыңыз немесе ортақ кәсібіңіз бар болса. Сізді сүймейтін, сонымен бірге сізді құрметтеуді қажет деп санамайтын адаммен бірге өмір сүру - моральдық қылмыс. Күнен-күнге осындай жағдайға куә болған балалар болашақта қиын мәселелерге тап болу қауіпіне түседі.

Сіз барлық мүмкін әдістерді, соның ішінде мамандардың көмегін пайдаланып көрдіңіз, бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ. Демек, ер адам өзі ештеңені өзгерткісі келмейді. Өз психикаңызды қорлап, өміріңізді бұзбай-ақ қойыңыз жұбайыңыз мұны бағаламайды, ол бәрін қалыпты жағдай ретінде қабылдап, сіз осыған қанағаттанасыз деп ойлайды.

Күйеуіңіз сізге ғана емес, балаларыңызға да ашуын шығаратын болса. Егер бала әкесі тарапынан моральдық зорлық-зомбылыққа тап болса, бір секунд та кідірместен, заттарыңызды жинап, мүмкіндігінше алысырақ кетіңіз. Сіздің алғашқы міндетіңіз – психологиялық тұрғыдан дені сау баланы тәрбиелеу.

Сіз басқа сүймейтініңізді түсіндіңіз. Зорлық-зомбылыққа шыдап, әрі қарай жақсы көруге кез келген әйел шыдай бермейді. Бүр күні ол оянып, оның жүрегінде жылы сезімнің орынына бейжайлылық ұялағанын түсінеді. Бұл жағдайда құлдыраған отбасына жармасудың мәні жоқ, өйткені ол бақыт алып келе алмайды.