Новости казакша (старое)

Дағдарыс орталықтары немен айналысады?

Жәбірленушілерге психологиялық оңалту бағдарламалары, әлеуметтік баспана, өлім қаупі жоғары кездегі қорғау бағдарламалары, келтірілген залал үшін өтемақы, тұрмыстық зорлық-зомбылық күәгеріне айналған балаларға арналған бағдарламалар қажет. Қазір Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетумен айналысатын мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдар бар.

Мысалы, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ @crisis_center_almaty. Бұл жерде жылы атмосфера мен жағымды тұрмыстық ортаны қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған. Баспанада 50 жатын орынын қамтитын бірнеше бөлме, ойын алаңы, кір жуатын бөлме, санузел, еңбек терапиясы, медициналық және психолог кабинеті, қажетті құралдармен жабдықталған мәжіліс залы және асхана орналасқан.

Дағдарыс Орталығы қауіпсіз баспанадан бөлек, келесі 8 қызмет түрін көрсетеді:
1) Әлеуметтік-құқықтық қызмет түрі;
2) Әлеуметтік-экономикалық қызмет түрі;
3) Әлеуметті- медициналық қызмет түрі;
4) Әлеуметтік-еңбектік қызмет түрі;
5) Әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрі;
6) Әлеуметтік-психологиялық қызмет түрі;
7) Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрі;
8) Әлеуметтік-мәдени қызмет түрі.