⠀
Осындай жағдайға тап болған жасөспірім 150 Сенім телефонына хабарласып, өз жағдайын баяндап берді. Биыл ол 11-сыныпты бітіріп, мектепті тәмамдайды. Ата-анасы оның заңгер сынды сұранысқа ие, халық ішінде таңдаулы мамандыққа түскенін қалайтын көрінеді. Ал, баланың өзі жаны музыкаға құмар шығармашылық тұлға екен. Ол музыкант немесе композитор болуды армандайды. Бірақ, сүйікті ісімен айналысуды кешігіп бастаған. Бізге хабарласқан кезде жасөспірім өзінің шетелде оқығысы келетінін, бірақ онда түсу үшін қомақты қаражат қажет екенін және грант ұтысына қатысу үшін оның дайындалып үлгермегендігін, сол үшін барлық бағдарламалардан қағылып қалғанын айтып берді. Өзінің уайымымен бөліскен бала тығырыққа тіреліп, не істерін білмеді.
Сенім телефонының қызметкері жасөспірімге оның арманы мен мақсаты бар болғаны керемет екенін, ол қаласа өз дегеніне жете алатынын айтып, оған қолдау көрсетті. Сабырлық пен өзіне деген сенімді сақтай отырып әр адам кез келген мәселені шеше алады. Біздің кейіпкеріміз биыл ата-анасы қалаған оқуға түсіп, бір жыл ішінде музыка саласына дайындалып, келесі жылы өз таңдауы бойынша қайта түсуіне болады. Бір жыл ішінде ол емтихандарға дайындалып үлгереді, сондай-ақ ата-анасының таңдаған оқуын оқып, ұнатып кетуі де әбден мүмкін. Телефон тұтқасында отырған психолог маманы барлығы шешілетініне жасөспірімнің көзін жеткізіп, уайым, үрей пайда болғанда қолдануға болатын технологиялармен бөлісті.
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌍Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz
#cенімтелефоны #телефондоверия #хикая #история #qolday