⠀
Егер адам жұбы кетіп қалады деп қорқатын болса, оның өзге жыныстағы адамдармен қарым-қатынастарын қадағалап, дербестігіне деген сенімін төмендетіп, жұбы жасайтын істер туралы жағымсыз пікірлер айтады. Әдетте бұл қызғанышпен байланысты.
⠀
Екінші түрі жұбы үмітін ақтамайтындай және оған қамқорлық жасамайтындай көрініуне байланысты. Бұл стратегияны ата-анасы жеткілікті деңгейде көңіл бөлмегендер қолданады. Бұл жұбын үнемі түзету әрекеттері: оған гимнастика жасатқызу, өзгеше тамақтануға мәжбүрлеу, өмірлік ұстанымдары мен ойларын өзгертуге тырысу.
⠀
Психологиялық зорлық-зомбылықтың ең танымал үшінші түрі: манипуляциялар, қорлау, ашу мен ызаның әртүрлі көріністері. Бұл серіктестің қауіп ретінде қабылдануымен байланысты. Тікелей жанжалға дейін бармай, оны бейтараптандыру қажеттілігі туындайды.
⠀
Бұл стратегиялардың барлығы агрессорға оның балалық шақтағы жарақатына қайта оралмау үшін қажет. Психологиялық зорлық-зомбылық агрессорды өзін дәрменсіз сезінуден сақтайды. Уақыт өте бұл жеткіліксіз болып, адам өзінің дәрменсіздігін сезе бастайды. Осы сәтте ашуға беріліп, физикалық зорлық-зомбылық пайда болады.