Новости казакша (старое)

Зорлық-зомбылықтың орын алған мекеніне байланысты түрлері-2

Зорлық-зомбылықтың орын алған мекеніне байланысты түрлері

Моббинг немесе қызмет орынындағы зорлық-зомбылық психологиялық зорлық-зомбылық, балағаттау, қысым көрсету, өсек тарату, жалған ақпарат арқылы көрініс табады.
Моббинг қызметкерлер арасында және қызметкер мен басшылық арасында орын алуы мүмкін. Ол құрбанды қорлау және оның қадір-қасиетін төмендету арқылы өз үстемдігі мен ауқатын жоғарылату мақсатында жасалады.

Әлеуметтік-тұрмыстық зорлық-зомбылық, әдетте, қоғамдық орындарда, көшеде немесе көлікте орын алады және бейтаныс адамдармен немесе жақын таныс емес адамдармен жасалған психологиялық, физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықты қамтиды.

Қорытындылай келе, сіз куәгер немесе жәбірленуші болғаныңызға қарамастан, зорлық-зомбылық әрдайым өздігімен емделе бермейтін психологиялық жарақат екенін баса айтқан жөн. Оқиғаға байланысты посттравматикалық уайымды және қауіпсіз түрде жеңу үшін зорлық-зомбылық құрбанын оңалтуды және оның жағдайын жеке немесе топтық психологиялық жұмыс арқылы түзетуді көздейтін психологтың көмегі қажет.

Естеріңізде болсын, ескертілген, демек қаруланған, сол себепті де алдын алу мақсатында зорлық-зомбылық, тәуелді қарым-қатынас туралы біліп, оларды уақытында танып, анықтай білу керек.

Сонымен қатар, өзіңізді, ресурстарыңызды және өзін-өзі бағалауды сақтап, психологиялық және физикалық өзін-өзі қорғау әдістерін білу және көмек сұраудан қорықпау маңызды.
Дереккөз: crisiscenter74.ru

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны