Помоги себе казакша

Ашу-ызаны жеңудің қарапайым амалдары

Ашулану – кез келген адамға тән қалыпты реакция. Оған шығу жолын беру өте маңызды, сыртқа шықпаған ашу түрлі аурулардың себебіне айналып қана қомай, жиналып барып «атылған» ол, өзге адамдарға да жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сол себепті ашуды уақыты әрі сізге де, өзгеге де зиян тигізбейтін жолмен сыртқа шығарып тұру керек.

Мысалы, мынандай жолдармен  ⬇️⬇️⬇️

📌Сабырға келудің ең оңай әрі жылдам тәсілі – біркелкі тыныстау. Ми мықты эмоциялардан бірден ауысуды білмейді, сол себепті тыныс алу жаттығулары арқылы оған кідіріс жасауға көмектесу қажет. Ішіңізбен тыныстауға тырысып, бірнеше рет терең деп алыңыз. Тұрақты тыныс алу жағымсыз эмоциялардан арылуға және тыныш, босаңсыған күйге келуге мүмкіндік береді.

📌Айқайлаңыз, бұл жағымсыз эмоцияларды тастауға және шиеленісті төмендетуге мүмкіндік беретін тәсіл. Көлікте немесе үйде, мысалы, жастыққа бар дауысыңды салып айқайлауға болады. Сондай-ақ, спорттық матчты тамашалап, жанкүйер ретінде дауыстап, немесе музыкаға қосылып айқайлап әндетіңіз. Соңғы зерттеулер ауыр метал, панк және ауыр рок тыныштандырып, ашу мен жаман көңіл-күйді бейтараптандыруға көмектесетінін көрсетті. Айқайлап болған соң реакцияңыз басқарылмайтын күлкіге ауысуы мүмкін екенін ескеріңіз.

📌Хат жазыңыз. Психолог мамандарының пайымдауынша, ашу мен ызаны қағазда немесе компьютерлік файл арқылы білдіру өте пайдалы, бұл іште жинақталған жағымсыз эмоциялардан құтылудың таптырмас құралы болып табылады. Ашуыңызға тиген немесе сізді реңжіткен адамға хат жазып көріңіз. Хатты мазмұнды етіп жазуға тырыспаңыз, бар сезіміңізді және ойыңызды жаза беріңіз. Жазып болған соң файлды жоюға, ал хатты жыртып тастауға немесе өртеп жіберуге болады.


📌Өз қалауыңыз бен өкпеңіз жайлы ашық айтыңыз. Біз өзгені реңжітуден немесе жағдайды одан әрі ушықтырып жіберуден қорқып, маңызды өтінішке мардымсыз жауап алудан сескеніп, жағымсыз әңгімеден соңына дейін қашқақтаймыз. Бірақ жинақталған жағымсыз эмоциялар мен айтылмаған қажеттіліктер ешқайда кетпейді. Мұндай жағдайда кез келген кішігірім нәрсе, кенеттен ашудың «атылуына» себеп бола алады. Сол себепті, өзіңіздің қандай жағдайда екеніңізді ашық айтуды үйреніңіз. Бірақ, ашық әңгімелесу, кінәлап, сынау дегенді білдірмейді. Әңгімелесушіден өз ұстанымын түсіндіріп беруді сұраңыз, біріге отрып, жағдайды тиімді шешудің жолын табуға болады.Сіздің мақсатыңыз дау шығару емес, мәселені шешу екенін ұмытпаңыз.

📌Физикалық белсенділік – қандай да бір жаттығулар мен қимыл-қозғалыс арқылы жағымсыз эмоциялардан босаңсудың таптырмас жолы. Мысалы, жастықты немесе грушаны қолыңызбен немесе қолға түскен затпен ұрыңыз, тебіңіз – өз қалауыңыз бойынша. Бес минут уақытыңызды физикалық жаттығуға жұмсаңыз, арнайы спорт секцияларына немесе би үйірмелеріне жазылыңыз. Сондай-ақ, үйді жинастырып, реттеу үрдісін де физикалық белсенділікке жатқызуға болады.  

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #soyuz_kz
#cенімтелефоны #телефондоверия#telefon150kz#балаларғаарналғанқауіпсіздікережелері #психолог #қолдау#поддержка #звони150 #Байсакова #ашуыза #агрессияғажолжоқ
Психологтың кеңестері