⠀
Ең алдымен «агрессия» терминін зорлық-зомбылық және қорлау әрекеттерін белгілеу үшін кеңінен пайдаланатындығын атап өткен жөн. Мұндай жағдайларда дұшпандық агрессия туралы айтылады, оның негізгі мақсаты құрбанды азапқа салу болып табылады.
⠀
Мұндай агрессия теріс бағаланады. Күнделікті өмірде агрессия деп аталмайтын зорлық-зомбылықтың мінез-құлық түрлері бар (тәкаппарлық, сотқарлық, бәлеқорлық, ашуланшақтық және т.б.). Психотерапияда агрессия шексіз әртүрлі формаларды байқалады.
⠀
Сонымен, агрессияның көрініс табуының толық емес тізімі мынадай болуы мүмкін: жек көрушілік, сын айту, сарказм (мысқыл), тітіркену, ашулану, кекесін ескертулер, агрессиялық қиялдар, келеке-мазақ ету, пассивті саботаж, қатыгездік, ашулану, тиісу, еш нәрсені көрместей ашулану, қорқынышты көзқарас, негізсіз бас тарту, дұшпандық, кек алу, өзін-өзі бұзатын мінез-құлық.
⠀
Қазіргі уақытта төменде көрсетілгендей агрессия түрлерін анықтайтын мынадай жалпы танылған тәсілдер бар ⬇️⬇️⬇️
⠀
Әрекет формаларын негізге ала отырып, мынадай түрлерге бөлінеді:
▪️ ФИЗИКАЛЫҚ — басқа тұлғаға немесе объектіге қарсы физикалық күш қолдану;
▪️ ВЕРБАЛДЫ — вербалды реакциялар арқылы жағымсыз сезімдерді білдіру (ұрыс, айқайлау) және/немесе қолдану (қауіп төндіру, қарғау, балағаттау).
⠀
Көрініс табудың ашықтығын негізге ала отырып, мынадай түрлерге бөлінеді:
▪️ ТІКЕЛЕЙ — қандай да бір объектіге немесе субъектіге қарсы тікелей бағытталған;
▪️ ЖАНАМА – басқа тұлғаға жанама жолмен бағытталған (өсектеу, кекті әзілдер және т.б.), сонымен қатар, бағытталмағандығымен және реттелмегендігімен сипатталатын әрекеттерде көрініс табады (айқайлаудан, аяқты топырлатудан, үстелді жұдырықпен ұрудан және т.б. көрінетін қатты ашудан жарыла жаздау).
Дереккөз: «Агрессорлармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік құрал», НҰР-СҰЛТАН қ., 2019 ж.
☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz