⠀
📌Жобаның мақсаты:
Жобаның басты мақсаты – еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру болып табылады. Жоба агрессорлармен немесе отбасылық жұптармен арнайы техникаларды қамтитын қабылдау, тренингтерді өткізу арқылы агрессивті мінез-құлықты, оған байланысты көз қарасты түзетуді көздейді.
⠀
📌Жоба барысында қызмет ететін мамандар:
Жоба неміс мамандарының тәжірибесіне негізделіп жасалғандықтан қабылдауды ер адам да, әйел адам да жүргізеді. Жоба аясында психолог мамандар ретінде әйелдер, ал психотерапевт мамандары ретінде ер адамдар жұмыс жасауда.Сонда әр қабылдауды бір әйел маман және бір ер маман бірлесіп өткізеді.
📌Қабылдау қалай жүзеге асырылады:
Ең алғашқы қабылдау шамамен 1-1,5 сағат жеке қабылдау түрінде өткізіледі. Алғашқы сұхбаттасудан кейін психолог және психотерапевт мамандар өзара ақылдасып, қабылдауға келген адамның жағдайына байланысты оны топқа қосу не қоспау жөнінде шешім қабылдайды. Егер ол адам топқа қосылатын болса, келесі 6 қабылдау 5-6 адамнан тұратын топтық қабылдау ретінде жүргізіледі. Ол тренинг түрінде жүзеге асырылады. Алайда, қазіргі кезде карантинге байланысты барлық қабылдаулар жеке өткізілуде. Соңғы сегізінші қабылдау қайттан жеке қабылдау болып табылады. Осы жүйе арқылы әр келген адаммен тиімді жұмыс қамытамасыз етіледі.
⠀
📌Қабылдауға қалай жазылуға болады:
Жоба аясындағы психолог және психотерапевт мамандарының қабылдауына өз еркі бойынша кез келген адам тегін жазыла алады. Ол үшін бар болғаны 150 Сенім телефонына немесе 8 708 106 08 10 нөміріне WhatsApp арқылы хабарласып, қабылдау уақыты мен мекен-жайын белгілеу қажет.
Сондай-ақ, Жергілікті Полиция Қызметкерлері шағым түскен тұста агрессорларға жоба туралы баяндап, қабылдауларға қатысуға кеңес береді.
⠀
Егер өзге де сұрақтарыңыз болса, қойыңыздар ⬇️⬇️
⠀
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#cisc2020 #qogamgov #telefon150kz #cенімтелефоны #телефондоверия #150 #агрессиястоп #агрессияғажоқ #soyuz_kz #Байсакова